30 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №241

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 22 сәуір  ,   Астана, Үкімет Үйі 2016 жылы әскери жиындарға шақырылуға жататын әскери оқытылған мамандардың санын айқындау туралы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылы әскери жиындарға шақырылуға жататын әскери оқытылған мамандардың саны айқындалсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №241 қаулысына қосымша 2016 жылы эскери жиындарға шақырылуға жататын әскери оқытылған мамандардың саны Р/с №    Атауы    Әскери оқытылған мамандардың саны    Күн саны    Өткізу кезеңі 1    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі    3000    15    мамыр - қараша Жиыны:        3000    15    мамыр - қараша