30 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №245

282 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2015 жылғы 28 сәуір,    Астана қаласы Бағалау қызметi мәселелерi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) - тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес «Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру және бiлiктiлiк емтиханын өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Зияткерлiк меншiк объектілерін, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру және бiлiктiлiк емтиханын өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін. 3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Әділет Министрі Б.ИМАШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. ____________Ә.ИСЕКЕШЕВ 2015 жылғы 13 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. ____________Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы 8 мамыр Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №245 бұйрығына 1 қосымша «Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру және бiлiктiлiк емтиханын өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру және бiлiктiлiк емтиханын өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi. 3. «Мемлекеттік қызметті» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде: бiлiктiлiк емтиханынан өткенi туралы материалдарды қарау кезiнде – 10 (он) жұмыс күнi; бiлiктiлiк емтиханын өткiзу кезінде – 3 (үш) жұмыс күнi; лицензияны беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi; лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi; лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні. Көрсетілетін қызмет беруші өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде; 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 1) біліктілік емтиханынан өткені/өтпегені туралы Комиссияның шешімі (бұдан әрі-Комиссияның шешімі) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; 2) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде; Көрсетілетін қызметті алушы Комиссияның шешімін және лицензияны қағаз тасымалдағышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда Комиссияның шешімі және лицензия электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші мөрімен және басшысының қолымен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. 7. Мемлекеттiк қызмет ақылы және (немесе) тегiн түрде көрсетiледi: 1) бiлiктiлiк емтиханның өткiзiлуi – тегiн; 2) лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негiзде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жерi бойынша бюджетке төленедi: 1) осы қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезiнде 6 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК) құрайды; 2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 % құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды; 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 % құрайды. Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы алу үшiн электрондық сұрау салынған кезде ақы төлеу «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырыла алады. 8. Жұмыс кестесi: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiмен көрсетiледi; Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9-00 ден 17-00 ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен жүзеге асырылады. 2) порталдың – тәулiк бойы жөндеу жұмыстарды жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мереке күндерi жүгінсе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні беріледі. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: біліктілік емтиханынан өту үшін: көрсетілетін қызметті берушіге: бiлiктiлiк емтиханынан өту үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi: 1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтихан тапсыруға жіберу туралы өтiнiш; 2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қызметтiң түрiне бiлiктiлiк талаптары туралы ақпарат қамтылған мәлiметтердiң нысаны; 3) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн); порталға: 1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысандағы сұрау салу; 2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қызметтiң түрiне бiлiктiлiк талаптары туралы ақпарат қамтылған мәлiметтердiң нысаны. лицензия алу үшiн: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес лицензия беру туралы өтiнiш; 2) жеке тұлға үшiн – көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн); 3) ЭҮТШ арқылы төлем төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензия беру үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi; 4) бүкiл Қазақстан Республикасы бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар; 5) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қызметтiң түрiне бiлiктiлiк талаптары туралы ақпарат қамтылған мәлiметтердiң нысаны; 6) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi тағылымдамадан өту туралы қорытындының көшiрмесi; порталға: 1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысандағы сұрау салу; 2) ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензия беру үшін лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi; 3) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi тағылымдамадан өту туралы қорытындының электрондық көшiрмесi; 4) бүкiл Қазақстан Республикасы бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалардың электрондық көшірмесі; 5) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қызметтiң түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары туралы ақпарат қамтылған мәлiметтердiң нысаны. Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн: 1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтiнiш; 2) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн); 3) ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта рәсімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi; 4) тегiн, атын және әкесiнiң атын (бар болған жағдайда) ауыстыруды тiркеу туралы куәліктің көшірмесі; порталға: 1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысандағы сұрау салу; 2) тегiн, атын және әкесiнiң атын (бар болған жағдайда) ауыстыру туралы куәлiктiң электрондық көшiрмесi; 3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта рәсімдеу үшін лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; порталға: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу; 2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қайта телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi. Қағаз нысанында бұрын берiлген лицензия оны қайта ресiмдегенге немесе телнұсқасын алғанға дейiн қайтарылады. Жеке басын куәландыратын, құжаттың мәлiметтерiн заңды тұлғалардың тіркелуі (қайтадан тіркелуі), қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын, лицензия және тұлғамен қылмыстық құқықбұзушылығы бар немесе жоқ туралы мәіметтер, көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi алушының ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiмiн алады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде: көрсетiлетiн қызметтi берушiге - қағаз жеткiзгiште өтiнiштiң қабылданғанын растау көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылданған күнi мен уақыты көрсетiле отырып, тiркеу туралы белгi қойылғаны болып табылады; портал арқылы – көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi көрсетiле отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы белгi көрсетiледi. 10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негіздері болып табылатын жағдайлар: 1) қызмет түрiмен айналысуға жеке және заңды тұлғалардың осы санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынса; 2) лицензиялық алым енгiзiлмесе; 3) өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе; 4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған кезде; 5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметтiң жекелеген түрлерін тоқтату немесе тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешімі (үкiмi) болса; 6) сот орындаушысының ұсынымы негiзiнде өтініш иесіне - борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салса. 3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi 11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: Шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 13-кiреберiс мекенжайы бойынша берiледi. Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша не жұмыс күндерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымда жеке және заңды тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) көрсетіледі. Шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алатын мерзiмi мен орнын көрсете отырып, тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылдануын растау болып табылады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi. Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс – орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағымды портал арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартылатын (жеткiзу туралы белгi, тiркеу, орындау, қаралуы туралы жауап немесе қараудан бас тарту) өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі- Агенттік) шағыммен жүгiнуге құқылы. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. 12. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну құқығы бар. 4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де талаптар 13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналасқан. 14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының портал арқылы ЭЦҚ-ның болған жағдайда электрондық нысанда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті алу мүмкiндiгi бар. 15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың «жеке кабинетi», сондай-ақ Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпарат алуға мүмкiндiгi бар. 16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметiнiң байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы: (1414). «Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн,  материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ұқығына бiлiктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру»  мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Қайда__________________________________ (қызмет берушінің толық атауы) кiмнен _________________________________ (қызметтi алушының толық атауы) Біліктілік емтихан тапсыруға жіберу туралы өтiнiш Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бiлiктiлiк емтиханын тапсыруға жiберудi сұраймын. Қоса берiлетiн құжаттар: ________________________________________________________________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы _____________________________  (тегi, аты, әкесiнiң аты(болған жағдайда)) _____________________________ (қолы)          20__ жылғы «___»_____________ Өтiнiш қарауға қабылданды 20__ жылғы «___»_____________ ________________________________________  (жауапты адамның қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты(болған жағдайда)) «Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн,  материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру  құқығына бiлiктiлiк емтиханын өткiзу  және лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымша Қызметтiң түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны Диплом туралы мәлiметтер: «бағалау» мамандығы бойынша __________________________________________________________________ жоғары экономикалық __________________________________________________________________________ жоғары техникалық _____________________________________________________________________________ 1) жоғары оқу орнының атауы ___________________________________________________________________ 2) мамандықтың атауы __________________________________________________________________________ 3) мамандықтың шифрi __________________________________________________________________________ 4) дипломның нөмiрi ___________________________________________________________________________ 5) дипломның берiлген күнi ______________________________________________________________________ «Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына біліктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру»  мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымша Нысан Лицензияны беру туралы заңды тұлғаның өтiнiшi Қайда _____________________________ (лицензиардың толық атауы) кiмнен ____________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, ___________________________________ бизнес – сәйкестендiру нөмiрi) __________________________________________________________________________________________ (қызметтiң түрiн және (немесе) қызметтiң кiшi түрiн (түрлерiн) көрсету) айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткiзгiште __________ (лицензияны қағаз жеткiзгiште алу қажет болған жағдайда, Х белгiсiн қою) беруiңiздi сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________________________________ (пошта индексi, облыс, қала, аудан, елдi мекен, _____________________________________________________________________________________________ көшенiң атауы, үйдiң/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмiрi) Электрондық пошта ___________________________________________________ Телефондар __________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Банктiк есепшот _____________________________________________________ (есепшоттың нөмiрi, банктiң атауы мен орналасқан жерi) Қызметтi жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________  (пошта индексi, облыс, қала, аудан, елдi мекен, __________________________________________________________________  көшенiң атауы, үйдiң/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмiрi) _______________ парақ қоса берiледi Осы арқылы: көрсетiлген деректердiң бәрi ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелерi бойынша кез келген ақпаратты жiберуге болатыны; өтiнiш иесiне лицензияланатын қызметтiң түрiмен және (немесе) қызметтiң кiшi түрiмен айналысуға соттың тыйым салмағаны; қоса берiлген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетiнi және жарамды болып табылатыны расталады. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн. Басшы  ____________ _____________________________________________ (қолы)     (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөрдiң орны     Толтырылған күнi: 20__ жылғы «___» _______ Лицензияны  беру туралы жеке тұлғаның өтiнiшi Қайда __________________________________ (лицензиардың толық атауы) кiмнен ________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты _______________________________________ (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi) _________________________________________________________________ (қызметтiң түрiн және (немесе) қызметтiң кiшi түрiн (түрлерiн)көрсету) айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткiзгiште _________________ (лицензияны қағаз жеткiзгiште алу қажет болған жағдайда, Х белгiсiн қою) беруiңiздi сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы ______________________________  (пошта индексi, облыс, қала, аудан, елдi мекен, ______________________________________________________  көшенiң атауы, үйдiң/ғимараттың нөмiрi) Электрондық пошта ___________________________________________________ Телефондары _________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Банктiк есепшот _____________________________________________________ (есепшоттың нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметтi жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________  (пошта индексi, облыс, қала, аудан, елдi мекен, __________________________________________________________________  көшенiң атауы, үйдiң/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмiрi) _______________ парақ қоса берiледi Осы арқылы: көрсетiлген деректердiң бәрi ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелерi бойынша кез келген ақпаратты жiберуге болатыны; өтiнiш иесiне лицензияланатын қызметтiң түрiмен және (немесе) қызметтiң кiшi түрiмен айналысуға соттың тыйым салмағаны; қоса берiлген барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетiнi және жарамды болып табылатыны расталады. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн. Жеке тұлға _____________________________________________________ (қолы)    (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөрдiң орны Толтырылған күнi: 20__ жылғы «___» ______ «Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына біліктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру»  мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына  4-қосымша Қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны жеке тұлғалар үшiн 1. Жоғарғы бiлiмiнiң болуы: «бағалау» мамандығы бойынша ___________________________________________________________________; жоғарғы экономикалық __________________________________________________________________________; жоғарғы техникалық ____________________________________________________________________________. 1. жоғарғы оқу орнының атауы ___________________________________________________________________; 2. мамандықтың атауы ___________________________________________________________________________; 3. мамандықтың шифрi __________________________________________________________________________; 4. дипломның нөмiрi ____________________________________________________________________________; 5. дипломның берiлген күнi ____________________________________ 2. Бағалау қызметi бойынша бiлiктiлiк комиссиясында бiлiктiлiк емтиханынан өту: 1. күнi ________________________________________________________________________________________; 2. қала ________________________________________________________________________________________; 3. Бағалау қызметi бойынша бiлiктiлiк комиссиясында бiлiктiлiк емтиханынан өтуi туралы шешiм ______________; заңды тұлғалар үшiн 1. Штатта тұрған лицензиялары бар жеке тұлғалардың тiзiмi, лицензиялары туралы және бұйрықтар не еңбек келiсiмдерi туралы мәлiметтер: 1. Штатта тұрған жеке тұлғалардың тiзiмi: ЖШС директоры лицензиясының нөмiрi ___________________________________________________________; Т.А.Ә. _________________________________________________________________________________________; ЖШС қызметкерi лицензиясының нөмiрi ___________________________________________________________; Т.А.Ә. _________________________________________________________________________________________; 2. Бұйрықтың не еңбек келiсiмiнiң нөмiрi және күнi ___________________________________________________ «Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына біліктiлiк емтиханын өткiзу және лицензия беру»  мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымша Нысан Қайда ______________________________________________ (лицензиярдың толық атауы) Кiмнен ______________________________________________ (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының толық атауы) Лицензияны қайта ресiмдеу/телнұсқасын беру туралы өтiнiш __________________________________________________________________ (қызметтiң түрiн көрсету) айналысуға, лицензияны қайта ресімдеуді/ телнұсқасын беруді сұраймын. Қоса берiлетiн құжаттар: ____________________________________________ __________________________________________________________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы ________________________  (тегi, аты, әкесiнiң аты(болған жағдайда)) _____________________________  (қолы) 20__ жылғы «___»____________ Өтiнiшi қарауға қабылданды 20__ жылғы «___»____________ ______________________________________________________  (жауапты тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты) Қазақстан Республикасы  Әділет Министрінің  2015 жылғы 28 сәуірдегі №245 бұйрығына  2 қосымша «Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру және бiлiктiлiк емтиханын өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Зияткерлiк меншiктi, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру және бiлiктiлiк емтиханын өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi. 3. «Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2)  www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде: бiлiктiлiк емтиханынан өткенi туралы материалдарды қарау кезiнде – 10 (он) жұмыс күнi; бiлiктiлiк емтиханын өткiзу кезінде – 3 (үш) жұмыс күнi;   лицензияны беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi; лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi; лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні. Көрсетілетін қызмет беруші өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде; 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 1) біліктілік емтиханынан өткені/өтпегені туралы Комиссияның шешімі (бұдан әрі-Комиссияның шешімі) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; 2) зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде; Көрсетілетін қызметті алушы Комиссияның шешімін және лицензияны қағаз тасымалдағышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда Комиссияның шешімі және лицензия электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші мөрімен және басшысының қолымен куәландырылады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. 7. Мемлекеттiк қызмет ақылы және (немесе) тегiн түрде көрсетiледi: 1) бiлiктiлiк емтиханның өткiзiлуi – тегiн; 2) лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негiзде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жерi бойынша бюджетке төленедi: 1) осы қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезiнде 6 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК) құрайды; 2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 % құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды; 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 % құрайды. Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы алу үшiн электрондық сұрау салынған кезде ақы төлеу «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырыла алады. 8. Жұмыс кестесi: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiмен көрсетiледi; Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9-00 ден 17-00 ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен жүзеге асырылады. 2) порталдың – тәулiк бойы жөндеу жұмыстарды жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мереке күндерi жүгінсе, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні беріледі. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: біліктілік емтиханынан өту үшін: көрсетілетін қызметті берушіге: бiлiктiлiк емтиханынан өту үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi: 1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтихан тапсыруға жіберу туралы өтiнiш; 2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қызметтiң түрiне бiлiктiлiк талаптары туралы ақпарат қамтылған мәлiметтердiң нысаны; 3) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн); порталға: 1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысандағы сұрау салу; 2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қызметтiң түрiне бiлiктiлiк талаптары туралы ақпарат қамтылған мәлiметтердiң нысаны. лицензия алу үшiн: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес лицензия беру туралы өтiнiш; 2) жеке тұлға үшiн – көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн); 3) ЭҮТШ арқылы төлем төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензия беру үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi; 4) бүкiл Қазақстан Республикасы бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар; 5) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қызметтiң түрiне бiлiктiлiк талаптары туралы ақпарат қамтылған мәлiметтердiң нысаны; 6) зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi тағылымдамадан өту туралы қорытындының көшiрмесi; порталға: 1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысандағы сұрау салу; 2) ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензия беру үшін лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi; 3) зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау жөнiндегi тағылымдамадан өту туралы қорытындының электрондық көшiрмесi; 4) бүкiл Қазақстан Республикасы бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалардың электрондық көшірмесі; 5) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қызметтiң түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары туралы ақпарат қамтылған мәлiметтердiң нысаны. Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн: 1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтiнiш; 2) көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн); 3) ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта рәсімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi; 4) тегiн, атын және әкесiнiң атын (бар болған жағдайда) ауыстыруды тiркеу туралы куәліктің көшірмесі; порталға: 1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған, электрондық құжат нысандағы сұрау салу; 2) тегiн, атын және әкесiнiң атын (бар болған жағдайда) ауыстыру туралы куәлiктiң электрондық көшiрмесi; 3) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта рәсімдеу үшін лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; порталға: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу; 2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қайта телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi. Қағаз нысанында бұрын берiлген лицензия оны қайта ресiмдегенге немесе телнұсқасын алғанға дейiн қайтарылады. Жеке басын куәландыратын, құжаттың мәлiметтерiн заңды тұлғалардың тіркелуі (қайтадан тіркелуі), қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенiн растайтын, лицензия және тұлғамен қылмыстық құқықбұзушылығы бар немесе жоқ туралы мәіметтер, көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетiлетiн қызметтi алушының ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiмiн алады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде: көрсетiлетiн қызметтi берушiге - қағаз жеткiзгiште өтiнiштiң қабылданғанын растау көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылданған күнi мен уақыты көрсетiле отырып, тiркеу туралы белгi қойылғаны бол