Астанадағы Әскери-тарихи музейде әлемдік деңгейдегі Стокгольм қаласы Армия музейінің «Өмір мен өлім арасындағы заттар» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме 2010 жылы сол жылдың үздік эстетикалық жобасы ретінде «Алтын витрина» жүлдесіне ие болған еді. Сонымен қатар, Швеция, Норвегия, Бельгия, Польша, Беларусь және Эстония елдерінде кеңінен танылған екен.
Аталған жылжымалы көрме бүгінгі таңда Армия музейінің әлемдік деңгейдегі ең үздік жобасы болып табылады. Көрменің ерекшелігі сол, мұнда қару-жарақ атымен жоқ. Экспонаттардың дені – күнделікті тұрмыста, яғни соғыстарда тұтынылған заттар: ыдыс-аяқ, құрал-сайман, асай-мүсейлер. Бір қарағанда, жай заттар секілді көрінетін бұл құнды дүниелердің астарында небір бұлтартпас шындық пен тарих ақиқаты жатыр.
Соғыс сұрапылында отбасынан жырақта жүрген жауынгердің ең қымбат та қасиетті жәдігер бойтұмарларымен осы әскери көрмеде ғана таныса аласыз. Ұйымдастырылып жатқан шара халықаралық деңгейдегі әскери-тарихи музейлермен жақсы қарым-қатынас орнатып, алдағы уақытта тәжірибе алмасуға көптен-көп септігін тигізбек.
Сондай-ақ, көрменің ашылу салтанатына Қорғаныс министрлігінің басшылары, ғылым мен мәдениет, қоғам қайраткерлері, стокгольмдік армия музейінің директоры Ева-Софи Эрнстелл және Астана қаласындағы дипломатиялық корпустар өкілдері қатысып, пайымды пікір, ұтқыр ұсыныстарымен бөлісті. 522 экспонат қойылған көрме 2016 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20