Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай басталған «25 игі іс» акциясына Жарма жұрты да үлес қосып келеді. Таяуда аудан орталығы Қалбатауда мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізіндегі алғашқы балабақша ашылды. «Ер-Дәурен» балабақшасы – өзектілігі күн санап артып келе жатқан мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру мәселесін жергілікті биліктің кәсіпкерлерді қатыстыра отырып шешуге бағытталған жұмыстарының бір көрінісі. «Балапан» бағдарламасы аясындағы балабақша ғимаратының ашылу салтанатына ардагерлер, ата-аналар мен тұрғындар қатысты.
– Ел егемендігін алған жылдардан бері ауданда көптеген жаңа білім ордалары, балабақшалар бой көтерді. Қалбатаудың өзінде соңғы бес жыл ішінде мемлекет қаражатына «Алтынай» балабақшасы салынып, «Айгөлек» балабақшасы қайта жаңғыртылды. Қазір Қалбатау ауылында 190-ға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Сондықтан, жекеменшік балабақшалардың үлесін арттыру жөніндегі облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жерлесіміз Дәулет Көшенов жеке қаражатына салған 90 орындық балбақшаны қолданысқа берді. Әрине, мұндай балабақшаны мемлекеттік бюджет есебінен салар болсақ, шамамен 300 млн. теңге қаражат қажет болар еді. Яғни, мемлекеттің қаражаты үнемделіп отыр, деді Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов.
Сондай-ақ, аудан басшысы Қалбатаудағы бұрынғы «Колосок» балабақшасының ғимараты қайта жаңғыртылатынын жеткізді. Яғни, аудан әкімдігі мен жеке кәсіпкер Виктор Исабаев арасындағы келісімшарт бойынша ескі ғимарат кәсіпкер еншісіне беріліп, биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін бұл нысан 100 бүлдіршінге арналған балабақша ретінде қолданысқа енбек. Осылайша, ағымдағы жылы аудан орталығында мектепке дейінгі балалар толығымен қамтылып, балабақша мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады.
Балабақшаның алғашқы бүлдіршіндеріне аудан әкімдігі тарапынан сый-сияпат тарту етілді. Салтанатты шарада ата-аналар атынан сөз алған Гүлфира Сәтпекова заман талабына сай салынған сәулетті де көпсалалы балабақшада бүлдіршіндердің тәрбие алуы ғана емес, жан-жақты дамуына мол мүмкіндік ескерілгендігін жеткізіп, жаңа нысанның жұмысына толайым табыс тіледі.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20