АСТАНА. 30 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Бауыржан Байбек Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.
Атап айтқанда, әкімдік әл-Фараби көшесінен жоғарыда орналасқан құрылыстар қабатын шектеу жөнінде қаулы қабылдап, «Медеу» таулы спорт кешені мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының аумағына автомобильдердің кіруіне тыйым салды. Бұл ретте экологиялық таза көлік түрлеріне көшуді ынталандыру мақсатымен электромобильдердің өтуіне рұқсат етілді.
Қаланы сапалы ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету аясында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өңіраралық кооперацияны дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, көлік және сауда инфрақұрылымдарын кеңейту мақсатымен нысандар салынуда. Бұлар көкөністер бағасының маусымдық құбылмалылығын азайтуға мүмкіндік береді. Алатау ауданында жылыжай кешенін салу жөніндегі жоба аяқталып келеді, ол сырттан әкелінетін қызанаққа деген сұранысты 75 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Ел өңірлерінің қолдауымен биыл қалада 800 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қала әкімі «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, ПИК-терді реформалау, Алматы агломерациялық белдеуінде жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың халық алдындағы есептілігі қамтамасыз етілді, негізгі мәселелер қала тұрғындарымен бірлесіп талқыланды, қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: akorda.kz.
• 30 Сәуір, 2016
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026