Астанада орналасқан Ресейдің ғылым мен мәдениет орталығында Ұлы Жеңістің 71 жылдығына байланысты кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыста кеуделерін оққа тосып, Отанын қорғаған майдангерлерді мадақтау рәсімі болды. Салтанатты қабылдауға қатысқан қарт сарбаздарды РФ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников алдағы айтулы мерекемен құттықтап, адамзатты фашизм аранынан аман алып қалғандары үшін оларға алғыс сезімін білдірді.
Тарих қайталауды сүйетіндіктен, тағы айта кетейік, екінші дүниежүзілік қырғында бір миллионнан астам қазақстандық жауынгерлер қолдарына қару ұстап, қайсарлық пен қаһармандықтың қайталанбас үлгілерін көрсетті. Есіл боздақтардың тең жарымы қаза тауып, сүйектері ұрыс даласында қалды.
Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың қатарында Ақмола қаласында ұйымдастырылған 310-шы, 387-ші, 29-шы атқыштар және 106-шы кавалериялық дивизиялар бақайшағына дейін қаруланған басқыншылармен ерлікпен шайқасқаны белгілі.
Астана қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Голубчиковтың айтуынша, қазір елордада елінің азаттығы үшін етігімен қан кешкен 170 қария тұрады. Солардың сапындағы Қадан Бекенов, Ахат Бекмәди, Мария Полторацкая, Моисей Гольдберг, Алексей Фролов, Барлыбай Тәбешов, Олег Линник және басқалар осы кездесуге келді. Таяқтарына сүйенген тарланбоздар бір-бірімен қауқылдасып, кейінгі жастарға естеліктерін айтып, көңілдері көтеріліп қалғанын көрдік.
Құрметті қонақтарға арналған концертте Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық драма театры камералық оркестрінің сүйемелдеуімен Құдайберген Әбілдин, Азат Тұранел, Тұрсын Төремұратова, Бақытжан Сұлтанов, Әлімжан Бақытжанов сынды өнерпаз өркендер Исаак Дунаевский, Никита Богословский, Ян Френкель, Сейдолла Бәйтереков, Василий Соловьев-Седой, Давид Тухманов сияқты көрнекті композиторлардың көпшілікке әбден танымал әндерін орындап, бәрімізді әдемі әсерге бөледі.
Кездесуден кейін әлі де қатардан қалмаған қаруластар өздерінің құрметіне жайылған дастарқаннан дәм татты.
Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20