Әскери мақсаттағы отандық кеме жасау өндірісі жаңа сапалық кезеңге аяқ басты. Бұл тұжырымға Орал қаласындағы «Зенит» зауытында құрастырылған салмағы 250 тонна ракеталық-артиллериялық корабль куә. Оны жасауға 200-ден астам маман тартылған.
Аталған корабльдің бұған дейінгі өндіріс желісінен суға түсірілген кемелермен салыстырғандағы басты айырмашылығы, өз атауынан көрініп тұрғанындай, ең соңғы үлгідегі артиллериялық құрылғымен жабдықталғаны әрі жауынгерлік модульдер мен радиотехникалық қарулар орнатылғаны.
Еліміздегі шекара қызметінің сұранысына сәйкес құрастырылған кемеге «Сарбаз» деген атау қойылған. Шекаралық корабльдің ұзындығы 42 метр болса, ені 7 метрге дейін жетеді. Отандық кеме құрастырушылар ТМД аумағында баламасы жоқ өздерінің бұл инженерлік-конструкторлық еңбегі мен өнімін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап отыр. Бұл – реттік саны бойынша «Зениттен» Каспийге мемлекетіміздің теңіздегі мүдделерін қорғауға аттанатын 24-ші корабль. «Бүгінгі күн – мемлекетіміздің айбынын асыра алатын тарихи күн. Сондықтан, «Сарбаз» кемесімен теңізге аттанғалы отырған шекара сақшыларына ақ жол тілеймін», – деді кеменің Шаған өзеніне түсірілу рәсімі кезінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.
«Зауыт мамандарының қолынан шыққан жаңа корабльдің атқаратын қызметін тек теңіздегі шекараны қорғаумен шектей салуға болмайды. Сонымен бірге, бұл бесаспап кеменің қосымша құрылғылары. Салмағы 170 тоннаға дейінгі ауыр жүктерді тасымалдауға да мүмкіндіктер туғызады. Әрине, бұл – біз үшін үлкен жетістік. Осындай күрделі міндетті игере алғанымыз үлкен мерей. Кеме өндірісін одан әрі жаңғырту жөніндегі жоба аясында бұдан да жоғары сыныптағы корабльдер құрылысын меңгеруді, салмағы 600 тоннаға дейінгі мамандандырылған кемелер мен жүзу құралдарын шығаруды ойластырып отырмыз», – деді газет тілшісіне зауыт директоры Вячеслав Валиев.
Еліміздің шекаралық қызметі бас штабы жағалау күзеті басқармасының бастығы Сабыр Хасановтың айтуынша, ел Президенті қол қойған мемлекеттік шекараны дамыту мен бекемдеу жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, 2018 жылға дейін «Сарбаз» үлгісіндегі тағы да бірнеше корабль мен жылдам жүзетін ұшқыр катерлер құрастырылмақ. Мұның өзі Каспий теңізіндегі еліміздің қауіпсіздігін күшейтуге елеулі септігін тигізбек. Мұның бәрі негізінен зениттіктердің күшімен атқарылмақ. Осы арада олар теңіздегі шекара қызметінде жүрген корабльдерге әртүрлі техникалық қызметтер көрсететінін де айта кеткен жөн.
Сонымен, «Сарбаз» суға түсірілді. Бұдан әрі ол Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне қарай бағыт алмақ. Ендеше, іске сәт демекпіз.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
ОРАЛ
Суретте: «Сарбаз» әскери кемесі

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20