02 Мамыр, 2016

Қазақстан жеріне иелік етуге

464 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Рисунок17тек еліміз халқына ғана рұқсат етіледі Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған негізгі міндет – ол ел экономикасының тиімді және ішкі өнім өндірісі көлемін жедел арттыратын мультипликативті салаларын дамыту. Сондай сала – ол ауыл шаруашылығы, яғни бұл сала, ел экономикасы дамуының драйвері болуы тиіс. Осы мақсатта біз орын алған мәселелерді шешу үшін аграрлық саясатты, ауыл шаруашылығы саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруіміз қажет. Алдымен, Қазақстан экономи­касының аграрлық секторындағы жер қатынастарының бүгінгі ахуалына тоқталайық. Қазақстан әлемде жер аумағы бойынша 9-орынды иеленеді және жан басына шаққанда Австралия, Канада елдерінен кейін 3-ші орын алады. 261 млн. га жердің 215 млн. гектары бұл ауылшаруашылық мақ­сатындағы жерлер. Осы жер­лердің жартысынан азы ауыл шаруа­шылығында пайдаланы­лады. Соңғы 20 жыл ішінде егістік жерлердің құнарлығы 20-30 пайызға төмендеді, суармалы жерлер көлемдері 2,5 млн. га-дан 1,1 млн. гектарға қысқарды. Бұл жерлерді шартты түрде алқапқа айналдыратын болсақ, 7,0-8,0 млн. гектар жер айналымынан шық­қанын көрсетеді. Ал егер де ең кем дегенде 1 гектар суармалы жерден 15 центнер өнім (астық) алатын болсақ, жыл сайын 1 млн. тоннадан астам астық алын­­бай отыр деген сөз. Тозған жайы­лым­дардың көлемдері жалпы алқап­тардың 50 пайызын құрайды. Жерлердің шамамен 8 пайызы өнеркәсіптік қалдықтармен лас­танған, сондықтан топырақтың құнарлылығын сақтаудың эко­логиялық мәселелері ерекше назар аударуды талап етуде. Ауылшаруашылық жерлерді тиімсіз пайдаланғанның нәти­жесінде, бүгінгі күні жер иелену­шілердің меншігіндегі 18 мыңнан астам жер учаскелері, жалпы көлемі шамамен 7 млн. га құрайтын жер­лер айналымнан шыққан. Сондық­тан, тез арада ауылшаруашылық жерлерді қалпына келтіру және тиімді пайдалану үшін арнайы бағдарлама, сонымен қатар, оған қосымша заңнамалық норматив­тік-құқықтық актілерді әзірлеу қажет. Топырақтардың құнарлығын қал­пына келтіру мемлекеттің басты міндетіне айналуы тиіс. Парламенттің Жер кодексі­не енгізген өзгерістері мен толық­тыруларының 2016 жылдың 1 шіл­­десінен бастап күшіне енуіне бай­­ланысты, жерге деген меншік құры­лымы түбегейлі өзгеріп, оны пай­далану тиімділігі артатын болады. Шетелдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, ауыл шаруа­шылығындағы жер қатынастарын реттеу жерді тиімсіз пайдалана­тын жер иелеріне бағытталған. Мысалы, Германия, Ұлыбри­та­ния, Люксембург, Грекия мем­­лекеттерінде ауылша­руа­шы­лық жерлеріндегі жалға алу қатынастарын реттеуге көп аралас­пайды, ал Франция, Испания, Италия, Португалия, Нидерланд, Бельгия елдерінде бұл мәселеге көп назар аударады. Бұл елдерде жер иеленушілердің көпшілігі өз жерлерін өздері өңдемейді, ауыл­шаруашылық жерлер негізі­нен жалға беріледі. Мысалы, АҚШ-та ауылшаруашылық жердің – 40, Еуроодақта – 48, оның ішінде Бельгия, ГФР және Францияда – 60-тан астамы, Люксембургта – 53, Швецияда 45,2 пайызы жалға беріледі. Бұл елдердің заңнамасында жалға берудің ең төмен мерзімдері анықталған. Дегенмен, барлық елдерде мемлекет жалға алушылардың құқық­тарын төмендетпейді, бірақ жер иеленушілердің мүдде­лерін қорғай отырып, ауыл шаруа­шылығындағы жалға беру қаты­настарын қатты қадағалайды. Бұл жерде жермен байланысты алыпсатарлыққа, жер учаскелерін бөлуге, мирасқа қалдыруға, жер­дің бір адамның ғана қолында қалып қоюына жол берілмейді. Мемлекет тарапынан топырақ құнарлылығына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Олай болмаған жағдайда, жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Тура осындай мақсат Қазақ­станда да қойылып отыр. Жер кодексінің 24-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар жерді жеке меншігіне сатып алу­ларына болады. Осындай құқық шетел азаматтарына берілмейді. Олар жерді тек уақытша пайдалану үшін жалға ала алады. Қазақстан азаматтары жерді жалға ала отырып, жердің кадастр­лық құнның 50 пайызына дейін жеңіл­детілген баға бойынша сатып ала алады және бұл соманы 10 жыл бойы бөліп-бөліп төлеуіне жол беріледі. Бұл жерден туындайтын сұрақ: «Шетел азаматтарына жер жалға неге 25 жылға беріледі?». Қазақстанның ауылшаруа­шылық жерлерін Еуропа елдерінің жерлерімен салыстыруға бол­май­ды. Оған себеп Қазақ­станның топырақ-климаттық жағдайлары мен ауылшаруашылық жерлердің құнарлығы едеуір төмен. Осыған байланысты, ауылшаруашы­лық дақылдардың түсімділігі ол ел­дер­ге қарағанда, 2-3 есе, ал кейбір жыл­дары 5 есеге дейін төмен бола­ды. Сондықтан жерді жалға алған шетелдіктер өздері салған инвестицияларын қайтару үшін кем дегенде 25 жыл жұмыс жасауы керек, сондықтан да бұл мерзім Жер кодексінде көрсетілген. Тағы бір сұрақ, егер жерді жекеменшігіне сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары немесе заңды тұлға­лары оны шетелдіктерге сатқысы келсе, мүлік 3 ай ішінде меншіктен шығып, немесе бұл жер уақытша жер пайдалану құқығына (25 жыл) қайта ресімделуі керек. Егер 3 ай ішінде олар уақытша жерді пайдалану құқығына ресім­демейтін болса, жергілікті ат­қарушы органдар берілген жерді қайтарып алу бойынша сотқа жүгіне алады. Бұл ереже басқа елдердің азаматтығын алғысы келген қазақ­стандықтарға да қа­тыс­ты. Олар жерді Қазақстан Рес­публикасы аза­матының атына аударуы тиіс немесе шетел аза­маты ретінде 25 жылға жал­ға ресім­деуі керек және оны тек ны­саналы бағытта ғана пайда­лануы тиіс. Республиканың шек­а­ра­лас аудандарында жерді шет­ел­дік­терге жалға беру­ге мүл­дем жол берілмейді. Сон­дық­тан да, Қазақ­станда шетел азамат­­тары­ның ауыл­шаруашылық жерлерді жеке­мен­шікке сатып алуына жол берілмейді. Азаматтығына қарамастан, барлық жер пайдаланушыларға қойылатын тағы да бір талап – жердің топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған агротех­никалық ережелерді қатаң сақ­тау, сақтамаған жағдайда, жер мем­лекет иелігіне қайтарылады. Бүгінде ауылшаруашылық жерлер қазақстандықтарға 49 жылға жалға беріледі. Егер жал­ға алушы иеленіп отырған жерін сатып алғысы келсе, ол жер­ді са­тып алуда аукциондарға қатыс­пай, жеңілдетілген баға бойын­­ша бірінші болып, жоғарыда айтыл­ған­дай, 50 пайыз жеңілдікпен және ба­ғасын 10 жылға дейін бөліп төлеу құқығына ие болады. Қазақстанның жеріне иелік ету тек Қазақстанның халқына ғана рұқсат етіледі. Бұл біздің мемлекеттің басты қағидасы және нақты ұстанымы. Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА академигі  АЛМАТЫ