Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Б.Байбек Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, әкімдік әл-Фараби көшесінен жоғарыда орналасқан құрылыстар қабатын шектеу жөнінде қаулы қабылдап, «Медеу» таулы спорт кешені мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының аумағына автомобильдердің кіруіне тыйым салды. Бұл ретте, экологиялық таза көлік түрлеріне көшуді ынталандыру мақсатымен электрмобильдердің өтуіне рұқсат етілді.
Қаланы сапалы ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету аясында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өңіраралық кооперацияны дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, көлік және сауда инфрақұрылымдарын кеңейту мақсатымен нысандар салынуда. Бұлар көкөністер бағасының маусымдық құбылмалылығын азайтуға мүмкіндік береді. Алатау ауданында жылыжай кешенін салу жөніндегі жоба аяқталып келеді, ол сырттан әкелінетін қызанаққа деген сұранысты 75 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Ел өңірлерінің қолдауымен биыл қалада 800 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, ПИК-терді реформалау, Алматы агломерациялық белдеуінде жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың халық алдындағы есептілігі қамтамасыз етілді, негізгі мәселелер қала тұрғындарымен бірлесіп талқыланды, Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20