25 Қаңтар, 2011

Филиал жұмысына оң баға

601 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар­тиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы­ның үлкен мәжіліс залында облыстық филиалдың ХVII  есеп беру-сайлау  конференциясы өтті. Оның жұмысына Премьер-Ми­нистр­дің бірінші орынбасары, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюро­сының мүшесі Ө.Шөкеев,  Парламент депутаты, “Нұр Отан” ХДП фракциясының мүшесі Ш.Мырзахметов, облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ төрағасы А.Мырзахметов, қалалық және аудандық партия филиалдарының делегаттары қатысты. Есеп беру-сайлау конферен­ция­­­­сын­да мынадай мәселелер қаралды: – Оңтүстік Қазақстан облыс­тық партия филиалының 2009-2010 жылдардағы жұмысы; – «Нұр Отан» ХДП-ның 2020 жылға дейінгі бағдарламасын тал­қылау; – партия филиалының ба­қы­лау-тексеру комиссиясының есебі және комиссияның құра­мын сайлау; – Оңтүстік Қазақстан облыс­тық партия филиалы саяси ке­ңесі­нің құрамын сайлау; – «Нұр Отан» ХДП XIII  съезі­не делегаттар сайлау. Конференцияны “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төраға­сы­­­ның бірінші орынбасары Ұ.Сәді­беков жүргізіп отырды. Жиында “Нұр Отан” ХДП Оңтүстік Қа­зақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің есептік кезеңдегі жұ­мысы мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы облыс әкімі, пар­тия­ның облыстық филиалының төр­ағасы А.Мырзахметов баяндама жа­сады. “Нұр Отан” партиясы –ха­лық­тық партия. Өңірдің аршындап дамуына ең алдымен мүдделі әрі экономи­калық дамуға өз үлесін қосып оты­рады. Мәселеге осы тұр­ғыдан келген облыс басшысы ай­мақта атқа­рылып жатқан жұмыстар­ды сала-сала бойынша жіліктеп берді. Күрделі мәселелер санатын­да­ғы білім беру, денсаулық сақтау және ауыз су мәселелерінде өткен жылдармен салыстырғанда ана­ғұр­лым өсім бар. Өңірдің бағын жан­дыратын жылыжай салу, там­шы­латып суару және мал басын асылдандыру мен көбейтуде де жағымды жаңалықтар көп. “Нұр Отан” ХДП ОҚОФ қо­ғам­дық қабылдау бөлмесінің меңгеру­шісі Иса Тасболатов мандат ко­миссияның баяндамасын жасады. Конференцияда  Парламент Мә­­жілі­сінің депутаты Шалатай Мыр­зах­­метов сөз алып, партияның 2020 жыл­ға дейін болжамдалған жаңа бағ­дарламасын таратып айтты. Об­лыстық мәслихаттың хатшысы А.Дос­болов, тағы басқа сөйлеген­дер партия  мұрындық болған мә­селелердің соңына дейін орындал­ғанын айтып, облыстық филиал­дың жұмысын оң бағалады. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев: “Соң­ғы жылдардағы еліміздің та­ри­хына аздап көз жүгіртсек, 2000 жылға дейінгі қиыны мен қыс­та­лаңы басым уақытты ел аяғына тұрып, келешекке деген дайын­ды­ғын бағдарлаған кезең деуге бола­ды, – дейді. – Келесі он жыл – сол мақсатты іске асыруға қажетті эко­номикалық негізді анық­тап, нақты істердің басталу кезеңі. Елбасы­мыздың көреген­дігі негізінде біз келесі онжыл­дықта нақтылы қандай істерді атқараты­нымызды сараптап ал­дық. Осы тұрғыда ерек­ше айта кетерлік бір жәйт – еліміздің бүгінгі күні аса маңызды тарихи белестің алдында тұрғаны. Ол – халықтың шынайы ықылас-пейі­лі мен қалауы негізінде  Ел­ба­сы­мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  өкі­леттігін 2020 жыл­ға дейін ұзарту». Осылай деп сөзін түйіндеген Өмірзақ Естайұлы Елбасының Оң­­түстіктегі партия жұмысына ыр­залық білдіргендігін айта келіп, партияның облыстық фи­лиа­лы­ның төрағалығына облыс әкімі А.Мыр­захметовтің  канди­да­турасын  ұсын­ды. Сөйтіп, өңір басшысы  ОҚОФ төрағалығына қай­та сай­лан­ды. “Нұр Отан” ХДП XIII съезіне Оңтүс­тіктен 48 делегат баратын болды. Депутаттар олардың канди­датура­ларын бір­ауыздан қолдады. Бақтияр ТАЙЖАН, Шымкент. Серпілдірген сенім Қарағандыда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ХІІ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Онда партия жергілікті ұйымының есепті мерзімде атқарған жұмысы талданып, алға қойылған міндеттер талқыланды. Конференцияда облыс әкімі, филиал төрағасы Серік Ахметов баяндама жасады. Өңір бас­шы­сы атап өткендей, былтыр ай­мақтың әлеуметтік-экономика­лық дамуы жаңа деңгейге кө­терілді. Белгіленген бағдарлама­лар мен жобалар бойынша ау­қымды істер ат­қа­рыл­ды. Бұл жетістіктерде 86 мыңнан астам нұр­отандықтың үлесі үлкен. 518 бастауыш партия ұйымынан құ­рылған 22 қалалық және аудан­дық филиалдар оларды қоғам­дық өмір мен ел игілігі үшін еңбекке белсенді қатыстырып келеді. Был­тыр 750 мың адамды қамтыған 6 мыңға жуық әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, аза­­маттарды ор­тақ мақсат жолындағы күреске біріктіруге ықпалы зор болды. «Ардагерлерді ардақтайық», «Киелі мұрамызға тағзым», «Отан­­дастар» сияқты акциялар жұрттың қалың бөлігін қамтыды. Сонымен бірге, баяндамада ор­таға салынғандай, партиялық тәр­тіп­ті нығайтуға талап кү­шей­тілді. Партияның 44 мүшесінің жеке істері қаралып, 38-і жауапкершілікке тартылды. 14-і жем­қор­лық әрекеті үшін партия қа­та­ры­нан шыға­рылды. Өткен жылы «Жол картасы» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында құрылған пар­тиялық бақылау бекеттері жауапкершілікті күшейтуге әсерін тигізді. Осы орайда ұйым­дасты­рыл­ған республикалық бай­қауда Серке Қожамқұлов атындағы Жез­қазған қазақ драма театрының жөнделуін назарда ұстаған бақылау бекеті жүлделі орыннан көрінді. Көпшілік арасындағы жұмыс жыл­­дан-жылға ширап отыр. Аза­мат­тардың өтініштерін қарау мақ­сатын­да барлық ұйымдарда қо­ғам­дық қабылдау бөлімдері жұ­мыс істейді. Оның көшпелі түрі де бар. Ашық есік күндері ұйым­дасты­рыл­ған.  Былтыр 6 мыңнан астам хат, шағым түсіп, 4060-ы, яғни 63 па­йызы оң шешімін тап­ты. Тұрғын­дар­дың «Нұр Отаннан» қам­қорлық күтуінің, араша сұрауының мұның алдындағы уа­қытпен салыс­тыр­ған­да 12 па­йыз­ға ұлғаюы партия беделі артуы­ның бір айғағы. Мұндай сенімді ақтау мен сақтау бағытын­да­ғы жұмысты жетілдіре беру басты мақсат. Бастауыш ұйымдарда партия­ның жаңа бағдарламасы кеңінен талқыланды. Ол бойынша түс­кен ұсыныстар мен тілектерді ақпан айында өтетін съезге қа­тысатын делегаттар жеткізеді. Жиында сөз алған партия­ның Қарағанды қалалық фи­лиа­лының төрағасы  Борис Зорин, облыстық мәслихаттың хатшы­сы Бейсембай Жұмабеков, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ домна цехының гор­новойы Арман Еспатаев, «Жас Отан» жастар қанатының атқару­шы хатшысы Мирас Құттыбай, Ақ­тоғай ауда­нын­дағы Шашубай кенті­нің мек­теп директоры Айман Түк­бай партияның жұртшылық­пен жұмыс істеу әдістері мен тәсіл­дерін жетілдіруге бағыттал­ған ой-пікір­лерін ортаға салды. Қо­ғам­дық-сая­си іс-шараларға үкі­меттік емес ұйым­дар, ғылы­ми бірлестіктер, бас­қа да партиялар мен қозғалыс­тар өкілдерін белсенді тарту, семинар-тренингтер және өз білімін жетілдіру арқы­лы ақпарат­тық-наси­хат­тау топ лекторлары­ның біліктілігін жо­ғарылату жө­ніндегі жұмыс­ты бел­сенділендіру, пікірталас клуб­­тарының отырыс­тарында аймақ­тағы аса маңызды мәселелерге көңіл бөлу қажеттілігі аталды. Конференцияда «Нұр Отан» ХДП хатшысы – Орталық аппарат басшысы Сергей Громов сөз сөй­леп, қабылданатын жаңа бағ­дарла­ма жобасын таныстырды. Партия облыстық филиалының төрағалы­ғына облыс әкімі Серік Ахметов қайта сайланды. Алқалы басқосуға қатысушылар Қазақ­стан Республи­касының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұр­сұлтан Назар­баевтың өкілет­тігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту жөніндегі бүкілхалықтық  ұсыныс­ты бірауыз­дан қолдайтын­дықтарын білдірді. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды. Қатықтай ұйытқан ұйым Қазір кімнің басына іс түсіп, әділдік іздеп шырылдаса, кімнің жағдайы келіспей салы суға кетсе «Нұр Отан» партиясына жүгінеді.Ал облыста  «Нұр Отан» ХДП-ның 59 мың  мүшесінің басын біріктіріп отырған 458 бастауыш  ұйым бар. Өзі сенген партияның аяқ алысын, тыныс-тіршілігін  жұртшылық та қадағалайды. Пар­тия­ның Қостанай облыстық филиалының ХІ конференциясында қарал­ған мәселелер мен айтылған пікірлер  осының айғағындай болды. Конференцияда баяндама жа­саған облыс әкімінің орынба­сары, «Нұр Отан» ХДП Қос­танай об­лыстық филиалының төрағасы Серік Бектұрғанов еліміздегі жетекші партияның ұйыт­қылық қыз­­метін ерекше атады. Түсін­ді­ру жұмы­сы­мен құрамына мемлекеттік қыз­меткерлер, ғалым­дар, мемлекеттік емес ұйымдар өкіл­дері және нұр­отандықтардың өзі кіретін 310 ақпараттық-на­сихат топтарының ай­­налысқа­нын тілге тиек етті. Конференцияда сөз алғандар өзекті деген мәселелерді қозға­ды. Мысалы, Әулиекөл ауда­нын­­дағы Аманқарағай орта мектебінің ди­ректоры, сыбайлас жемқорлық­пен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы, аудандық мәс­лихаттағы «Нұр Отан» ХДП де­путаттық фракциясының жетекшісі Людмила Войлошникова «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды жүзеге асыруда жетілдіруді керек ететін кереғар тұстарды тілге тиек ете келе, жергілікті өзін өзі басқарудың маңыздылығына тоқталды. Егер мемлекеттік билік өкілеттілігінің бір бөлігін жергілікті өзін өзі басқаруға берсе, ол бюджет қаражатының тиімді жұм­салуына қоғамдық бақы­лау­ды кү­шейтер еді деген пікір айт­ты. Кон­ференцияға қатысып отыр­ған об­лыс әкімі Сергей Кулагин нұр­отан­­дықтар көтеріп отырған мә­се­ленің өте маңызды­лығын атап өт­ті. Соңғы жылдары облыста «Мем­лекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес тендер өт­кізуге бай­ланысты көптеген лауа­зым иелері, мемлекеттік қызметкер­лер жауап­қа тартылып жатады. Со­ның сал­дарынан талант­ты ұйым­дастыру­шы­лардан, мамандардан айы­ры­лып жатамыз. – Нұротандықтардың өз мүше­лерінің жағында болып, оның дұрыстығын дәлелдеуі, қорғауы өте дұрыс қадам. Қыс айларында кенеттен істен шыққан агрегат үшін далада 25 градус аяз соғып тұр­ғанда тендер өткіземіз деу ақыл­ға сыймайтын нәрсе. Өмір­дің аты – өмір. Заңды орындау осы екен деп, шаш ал десе бас алу істің түпкілікті оң шешім та­буына апармайды. Сондықтан мұ­ны ойласу керек, – деді Сергей Витальевич. Сонымен қатар, кон­ферен­цияда сөйлеген нұр­отан­дықтар – Қазақстанның Ең­бек Ері С.Бұқанов, «ССКӨБ» АҚ президенті, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мү­шесі, партияның «ССКӨБ» АҚ ау­дан­дық филиа­лының төрағасы М.Тұрдахұнов және басқалар елімізде қол жеткен ірі жетістіктерді республика Президенті, пар­тия­ның Көшбас­шысы Нұрсұл­тан На­зар­баевтың есімімен бай­ланыс­тыр­ды. Президентіміз Н.Назар­баев­тың өкілет­тігін 2020 жыл­ға дейін ұзарту жө­ніндегі ре­фе­рендумды өткізу бас­та­­ма­сын қол­дайтындығын білдірді. Конференция жұмысына қа­тысып сөз сөйлеген «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты жетек­шісінің бірінші орынбасары Мұх­тар Ерман партияның 2020 жылға дейінгі арналған бағдар­ламасы­ның жобасы жөнінде айта келе, Президентіміз, Көшбас­шымыз Нұр­сұл­тан Назарбаев­тың өкілет­тігін 2020 жыл­ға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу бастамасы бүкіл ха­лыққа рух беріп отырғандығын айтты. Себебі, экономикасы мен әлеуметтік ба­қуат­ты, серпінді да­мып отырған еліміздегі жетіс­тік­тер­д­ің барлығы Н.Назар­баев­тың сар­­­дар саясаты­мен байла­ныс­ты еке­­­нін жұрттың барлы­ғы да көріп отыр. «Нұр Отан» ХДП Қос­танай облыстық филиалының төр­ағасы болып Серік Бек­тұрғанов қайта сайланды. Соны­мен қатар, конференция партия­ның алдағы ХІІІ съезіне делегат­та­р сайлады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.