ПЕТРОПАВЛ. 3 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті кәсіпкерлерге «Халық маркасы» жобасы таныстырылды. Бұл туралы туризм және кәсіпкерлік басқарамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Астана қаласынан арнайы келген «Халық маркасы» жобасының авторы Римма Тәжібаева жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылатын жәрмеңке-көрменің өткізілу барысына кеңінен тоқталды.
Жобаның басты мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау және өз өніміміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Римма Тәжібаеваның айтуынша, үстіміздегі жылдың 6 шілдесі күні Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен жәрмеңке-көрме өтеді. Отандық кәсіпкерлердің фармацевтика, тұрмыстық заттар мен туризм, азық-түлік, қолөнер бұйымдары бойынша 7 секцияда өз өнімдерін жұртшылық назарына ұсынуға мүмкіндіктері бар. Қатысуға ниетті компаниялар «Халық маркасы» белгісін алуы тиіс. Жәрмеңке-көрмеде сатылатын өнімдер қазақстандық тұтынушыларға қолжетімді болмақ. Көрме бір жыл бойы өтеді.
Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлерді көрмеге шақыра келген жоба авторы бүгінгі таңда біздің өңірден 50 компания бұл шараға ынта білдіргенін, негізінен, жеңіл өнеркәсіп пен азық-түлік өнімдерін өндіретін, жиһаз жасаумен айналысатын компаниялар тарапынан қызығушылық басым екенін жеткізді.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облысы туризм және кәсіпкерлік басқармасының баспасөз қызметі.
Фото: etoday.kz.

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25