Әлия ауылының тұрғыны Сайлау Матаев көпшілікке таңсық, бұрын-соңды өңірде болмаған түйеқұсты облысқа бірінші болып әкелмек.
– Түйеқұстың балапандарын Ресейдің Самара қаласынан алуды жоспарлап отырмыз. Самарамен интернет арқылы байланысқа шығуыма Ақтөбе қаласындағы жиенім көмектесті. Биыл мамыр айының соңында түйеқұстың бір айлық балапандарын ауылға алып келеміз, – дейді ол.
Оның айтуынша, түйеқұс күтімді, қамқорлықты онша қажет етпейді, ашық алаңқайда, табиғат аясында жүре береді. Ауа райы жауын-шашынды, суық болған күндері жылы жерде тұрғанды ұнатады. Сондықтан, кәсіпкер биыл жазда ауласына түйеқұс тұратын қора салуды көздеп отыр.
Сайлау Матаев биыл «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы түйеқұс өсіру үшін 1 млн. 700 мың теңге көлемінде несие алған.
– Әзірге 20 балапан алуды жоспарлап отырмыз. Себебі, самаралық фермерлердің айтуынша, түйеқұстың балапанын еркек-ұрғашысын кішкентайында ажырату мүмкін емес. Өсе келе, яғни 6-8 айлығында ғана оларды ажыратуға болады. Сондықтан, балапанды неғұрлым көбірек алу керек, – дейді ол.
Түйеқұс жоңышқаның тартылған түрін сүйсініп жейді. Бұл құсқа арпа, бидайды да уатып беру керек. Сол үшін Сайлау ерте көктемде жоңышқаның тұқымдық дәнін аулаға сеуіп тастағанды жөн көріпті.
Сырт келбеті сұсты болып көрінетін бұл құстың әбден толысып-жетілген шағында биіктігі 1 метр 70 сантиметрге жетеді. Жұмыртқасының салмағы орташа есеппен – 1-1,5 кило. Бір айлық балапаны 10-12 килоға жетеді. Түйеқұс 1,5 жасында жұмыртқалай бастайды.
Әзірге түйеқұсты өсіріп, санын көбейтуді ғана мақсат етіп отырған Сайлау бұл құстың пайдасы шаш етектен екенін айтады.
Арайлым НҰРБАЕВА,
журналист
Ақтөбе облысы,
Қобда ауданы

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25