25 Қаңтар, 2011

«Алтын қалам»

509 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақ тілді журналистер конкурсы биыл да жалғасады ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен бірге «Алтын қалам» шығармашылық конкурсын жариялайды. Конкурстың мақсаты баспасөз журналистері арасында өнер­кәсіптік тақырыпқа маманданған үздік журналистерді анықтау, жас журналистерді өнеркәсіптік және экономикалық тақырыпқа жазуға ынталандыру, қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары арасында ENRC брендінің танымалдылығын арттыру. Сайысқа республикалық, өңірлік, ведомстволық ба­сылымдардың өнеркәсіптік тақырыпқа маманданған журналистері қатыса алады. Конкурс 2011 жылы 20 қаңтардан 30 қазанға дейін өт­кізіліп, қорытындылары – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында шығарылады. Қазылар алқасының құрамы 1. Сауытбек Абдрахманов – қазылар алқасының төрағасы, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің президенті. 2. Алдан Смайыл – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 3. Жарасбай Сүлеймен – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 4. Ибрагим Еділбаев – «ENRC Kazakhstan» ЖШС президентінің бас кеңесшісі . 5. Ерзат Тұрсынқұлов – ENRC корпоративтік коммуникациялар департаментінің бөлім бастығы. Мақалаларға қойылатын талаптар Мақалалар өнеркәсіптік және экономикалық тақырыпқа арналуы қажет. Жарияланымдар республикалық, өңірлік, ведомстволық қазақ тілді басылымдарда 2011 жылы жарық көрген болуы тиіс. Жолданған материалдарда басылымның атауы, мерзімі мен авторы көрсетілуі керек. Кемінде бес мақала (түпнұсқа) қабылданады. Ұсынымдар 2011 жылдың 30 қазанына дейін қабыл­да­нады. Жарияланымдардың көлемі шектелмейді. Конкурс материалдары рецензияланбайды және қай­та­рылмайды. Мақалаларды бағалау өлшемдері Ақпараттық құндылығы. Сараптамалық тереңдігі. Тақырып өзектілігі. Журналистік шеберлігі. Конкурс жеңімпаздарына белгіленген сыйлықтар Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы мына орындардың жеңімпаздарын анықтайды. 1 орын – бір аталым. 2 орын – екі аталым. 3 орын – үш аталым. Сонымен қатар, конкурста «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша жеңімпаз анықталады. Конкурс жеңімпаздары үшін 2 миллион теңге мөл­ше­рін­де жүлде қоры белгіленген. Материалдарды «Конкурсқа» белгісімен мына мекен­жайға жіберу керек: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 30 а, 401-бөлме. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: тел: +7 (7172) 592-152, тел/факс: +7 (7172) 592-153, ұялы тел: 8-701-960-69-72, press@kz.enrc.com Конкурсқа ұсынылған жарияланымдар рецензия­лан­байды және қайтарылмайды.