04 Мамыр, 2016

Жауапкершілікке тартылады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 1 мамырда әлеуметтік желілер мен мо­бильді қосымшаларда Қы­зыл­ордада полиция қызмет­керлерінің қолынан зардап шеккен делінген ер адамның фотосуреті тарап кетті. Аталмыш ақпарат шындыққа сай келмейді, яғни жалған әрі аран­датушылық сипатқа ие. 1 мамыр күні Қызылорда облысында полиция қызмет­керлері мен азаматтар арасында дене жарақаттары салынуы­на, денсаулығы мен өміріне зиян туғызатын салдарлардың орын алуына ықпал ететін қақтығыстар орын алған жоқ. Аталмыш фотосурет http://www.ajanshaberler.com/cinde-kopek-calandar-linc-edildi-41897.html сайтынан алынып, 2015 жылдың ақпан айында Қытайда болған оқиға екендігі белгілі болды. Арандатушылық дерегі бо­йын­ша Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті тер­геу жұмыстарын бастады. Аран­датушылар жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлады Қызылорда облыстық ІІД  баспасөз қызметі