04 Мамыр, 2016

Арманымыз асқақтай берсін

496 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Ж КульбаеваМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі өркендеп даму жолын белгілеп, қуатты ел болудың Ұлт Жоспарын бекітіп бергені баршаға аян. Тәуелсіздіктің 25 жылында еліміз талай асуларды бағындырып, талай белестерді артта қалдырды. Сөйтіп, Мәңгілік Ел болудың жолында ұлт болып ұйысып, ынтымақ пен бірлігіміздің арқасында әлеуеті мықты мемлекет атануға бағыт алдық. Ендігі мұратымыз да, арман-тілегіміз де осы. Елбасының Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жө­нін­­дегі IV саммит аясында дү­ние­­жүзі халықтарына жаса­ған «Әлем. ХХІ ғасыр» атты мани­фесі қазақ­стандық қоғам­ды біріктіретін фак­тор ре­тінде өз мемлекетімізді тари­хи-мәдени тұрғыдан дамыту­ды шоғырландыру идеяларын жүзеге асырады. Ал бұған Қазақ­стан халқы Ассамблеясы мен Қазақ­с­тан Республикасы Ұлттық му­зейінің атқарған істері дәлел бола алады. Ұлттық музей Елбасының «Қа­зақстан халқы Ассамб­лея­сы­ның және Қазақстанның көп­ұлыстығының тарихы» атты тарихи-деректі көрме залын жа­сау бастамасын қолдай келе, Мем­лекеттік хатшы Гүлшара Әбді­қалықованың 2015 жылғы 26 қа­зандағы өкіміне сай ҚХА мүшелерімен тиісті тақырыптағы зал экспозициясының жобасы жасақталды. Ұлттық музей Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшы­лы­ғымен бірге ағымдағы жыл­дың 16 қаңтары мен 4 ақпаны аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының залы үшін музей бұйымдарын жинау мақсатында облыстағы аймақтық этномәдени бірлестіктерді аралады. Атап айтсақ, ғылыми қызметкерлер, экспозиционерлер және қор сақ­таушылар 3 экспедициялық топ құрып, жұмыс істеді. 1-экспедиция Шығыс Қазақ­стан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 216 экспонат жинады. Олардың 74-і экспозицияға қойылды. Ал 2-экспедиция Пав­лодар, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 339 экспонат әкелді. Олардың 50-і экспозицияға қо­йылды. 3-экспедиция Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында жұ­мыс жасап, 263 музей экспона­тын жинады. Олардың 75-і экс­позицияға қойылды. Жалпы айт­қанда, әрбір аймақ ҚХА бойын­ша тарихи-мәдени жобаға өз үле­сін қосты. Барлығы 818 экспо­нат жиналып, олардың 191-і экс­позицияға қойылды. Аймақтардан алынған экспо­зи­циялық материалдардан бөлек: – Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті­нің «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты»; – Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаментінің «Ор­та­­лық мемлекеттік мұрағаты»; – Астана қаласының Мемле­кеттік мұрағаты; – Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаментінің «Орталық мемлекеттік кино­фотоқұжаттар мен дыбыс жазба­лар мұрағаты, Республи­ка­лық «Казахстанская правда» газеті» АҚ ұсынған мұрағаттық құ­жат­тар да пайдаланылды. Бүгінгі таңда Ұлттық музей қала тұрғындары мен қонақ­та­рына еліміздің басты жетіс­тіктерін, оның тарихындағы ең маңызды кезеңдерін насихаттаумен келеді. Даламыз қан­шалықты кең болса, өткеніміз де тарих парағында қатпар-қатпар болып сақталған. Өз тарихымызды тани білмесек, зерттемесек бүгініміз де, болашағымыз да бұлыңғыр болары сөзсіз. Сондықтан да Үкімет осы іске айрықша көңіл бөліп, қолдап отыр. Бұл – қуанарлық жайт. Ендігі кезекте ҚХА залын одан әрі жандандыра түсу үшін жұмыс істейтін боламыз. Қалай десек те, Елбасының Төрағалығымен өткен ҚХА-ның ХХІV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел – патриоттық актісінде» атап көрсетілгендей, «Халық өмірі оның ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан халықтың мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ». Біртұтас еліміз – Мәңгілік Ел қуатты болсын! Ал осы орайда айтарым, Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтай отырып, сол жолда еңбек ету – мемлекетіміздің көзі ашық, көкірегі ояу әр азаматының басты міндеті. Себебі, тұрақтылық салтанат құрған жерде атқарылған шаруалардың нәтижесі жоғары болады. Тиісінше, оның берер жемісі де орасандығымен ерек­шеленеді. Ал әлемдегі соң­ғы оқиғаларға қарасақ, ұлт­ара­лық қақтығыстар, қара­ма-қайшылықтар, саяси күрестер шарықтау шегіне жетіп отыр. Жазықсыз жапа шегіп жат­қан­дарда да есеп жоқ. Олардың обалы кімге?! Кезінде Мемлекет басшысы: «Біздің саясатымыздың ең басты өзегі барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің ортақ құн­дылықтарын тауып, олардың біріге отырып, дербес дамуы­на қажетті алғышарттарды анық­тай білуімізде болды», деп атап көрсеткен еді. Сондықтан да ата-баба­ларымыз армандап өткен Мәңгілік Елге жетуіміздің даңғыл жолы осы бірегейлік пен бірлікте, яғни татулық пен түсіністікте жатыр. Ал Мәңгілік Ел идеясы Қазақстанды жаһандық сын-қатерлерден аман алып шығады деп сенеміз. Жазира КҮЛБАЕВА, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары