АҚШ-тың астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жарияланғаны белгілі. Менің көзқарасымша, бұл – мемлекет қайраткерінің өте тереңнен ойластырылған, жан-жақты айғақтар келтірілген бағдарламалық құжаты. Онда ширек ғасыр уақыттан бері антиядролық бастамамен көрініп келе жатқан саясаткердің дәйекті де мақсатты және табанды еңбегі айқын көрінеді.
Ядролық қатердің сипатын өз елінің тәжірибесінде нақты сезінген Нұрсұлтан Әбішұлы кезінде өте күрделі шешім: Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім қабылдаған еді. Бұл шешімнің сол шақта әлемнің жетекші ядролық державаларын ядролық сынақтар жүргізуге мораторий жариялауға итермелегені де ұмытыла қойған жоқ. Енді, міне, манифесте 2016 жылы БҰҰ-ның басшылығымен Қазақстанда жоғары деңгейде халықаралық конференция өткізу ұсынылады. Онда ХХІ ғасырда соғыс атаулы мен жанжалдардың алдын алу мақсатында халықаралық құқықтың қағидаттарын қуаттау қажеттігі атап көрсетіледі.
Шын мәнінде, бүгінде қатерлі қарудың терроршылардың қолына түсу ықтималдығы өте зор. Қазақстанның Тұңғыш Президенті атап көрсетіп отырғандай, «лас бомбаның» лаңкестерге қолжетімді болуы уақыттың ғана еншісіндегі жайт секілді. Сондықтан, оған жол бермеудің қам-қарекеттерін қазірден бастап қолға алмасақ, ертең кеш болатыны айтпаса да түсінікті. Бұл аздай, бұдан да кең ауқымды қатер – киберқылмыс пайда болды. Мұның да қылмыскерлердің қолында тиімді қаруға айналуы әбден мүмкін. Осы себепті, жаңа соғыстарға жол беруге мүлдем болмайды.
2013 жылдың сәуірінде Том политехникалық университеті физика-техникалық институтының инновациялық білім беру орталығының базасында бүкіл әлемнен келген ядролық физика саласының мамандары Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бағдарламасы бойынша оқытылды. Аталған университеттің таңдалуы тіптен де тегін емес. Бұл жоғары оқу орнының ядролық физика саласында айтарлықтай табыстары бар. Бұл қатарда ядролық және радиоактивті материалдарды есепке алу мен бақылау және таратпау секілді маңызды бағыттар бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіліп келеді. Сөйтіп, аталған басқосу Ресейдің ядролық және радиоактивті технологияларды бүкіл дүниежүзі бойынша бейбіт мақсатта пайдаланудың қауіпсіз режімін құру ісіне қосқан нақты үлесі болып табылды.
Бұл бағытта біздің стратегиялық әріптестеріміз кімдер дегенде, алдымен айтарымыз – «Росатом» мемлекеттік корпорациясы, МАГАТЭ, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы (Қазақстан). Жақында мен академик, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Арыстан Ғазалиевтен осы жылдың наурыз айында аталған жоғары оқу орнында танымал ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің қатысуымен «Бейбітшілік эстафетасы – жастарға!» деген тақырыппен өткен жастардың республикалық антиядролық форумының материалдарын алдым. Шараға Қазақстанның бірқатар ЖОО-ларынан ондаған мың студент атсалысыпты. Форумның материалдары қарусыздану, ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік секілді бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне арналғаны қуантты. Және бір атап көрсететін жайт, осының өзі қазақстандық студенттердің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеяларын қолдайтындарының жарқын көрінісі болып табылады.
Сөз ретінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Том политехникалық университетімен ежелден бері әріптестік қарым-қатынаста екенін айта кетсем деймін. Екі жоғары оқу орны академиялық алмасулар және бірлескен ғылыми жобалар бойынша тығыз ынтымақтасып келеді. ҚарМТУ-дің ғалымдары мен студенттері ТПУ-дің ғылыми конференцияларына қатысса, осындай табыспен кері үдеріс те үнемі жүріп келеді. Осылайша, өзара ой-пайымдар мен идеялар алмасу жанды жалғасу үстінде.
Қазіргі кезде 2000-нан астам қазақстандық студенттер, магистранттар мен аспиранттар ТПУ-де оқиды. Тағы да қайталап айтсам, болашақ мамандардың, ғалымдар мен өз елі патриоттарының Қазақстан Президентінің бейбіт бастамаларын толықтай қолдайтыны қуантады.
Андрей ТРУБИЦЫН,
Том политехникалық университеті стратегиялық әріптестікті дамыту институтының директоры
Ресей Федерациясы

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25