04 Мамыр, 2016

Мақсат – жанашыр қожайын табу

346 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Тұран-Астана университетіЕлордада Тұран-Астана университетінің қабырғасында «Еліміздегі ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жекешелендіру: ерекшеліктері мен түсіндірме жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуға еліміздің ауыл шаруашылығы саласының мамандары, экономикалық бағыттағы пәндердің ұстаздары мен сарапшылар, сондай-ақ, заңгерлер қатысты. Жиын барысында Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен түзетулерден кейінгі көп­ші­ліктің сансыз сауалы мен наразы­лығын тудырып отырған жағдайларға мамандар тарапынан орнықты жауаптар мен қажетті түсі­ніктеме берілді. Бұл ретте бұқара халық­тың санасында жер мәселесіне бай­ланысты үлкен түсініспеушілік орнап отыр­ғанын алға тартқан жер және экологиялық құқық бойынша халық­аралық сарапшы, заң­гер Бақыт­жан Базарбек былай дей­ді: «Жер кодексіне енгі­зіліп отырған өзгерту­лер мен толық­­тырулардың негізгі мақ­саты – ауыл­шаруашылық жер­лерін пай­да­ла­нушыларды қол­дау болып табы­лады. Бұл рет­те азаматтар мен мем­ле­кеттік заңды тұлғаларды қолдау көз­дел­­ген. Қазіргі уақытта қоғам ара­сында жап­пай түсінбеушілік салдарынан туы­ндап отырған да­у­лардың дені еліміз­дегі көп­теген азаматтардың заңды дұ­рыс ұғынбауынан болып отыр. Ал оның нәтижесінде бір ғана адам емес, бүкіл қоғам мемлекет­тің жасап жат­қан шараларын дұрыс түсін­беуде. Жер кодексі­не еніп отыр­ған негізгі өзге­ріс­тер ауылшаруашылық тауар өн­дірушілерін қолдауға бағытталады». Сарапшының айтуы бойынша, оларды қолдайтын тетіктер өте маңызды саналады. Осынау тетік­­терді дұрыс әрі тиімді пай­да­­лана білсек, еліміздің ауыл шаруа­­шылығын жоғары дең­гей­ге көтеруге мүмкіндік бар. Мы­салы, кез келген жалға алушы ауыл­­шаруашылық мақсатындағы жер­дің кадастрлық құнының 50 пайызын ғана төлеп, оны же­ке­­меншікке аудара алады. Бұл құқық біздің азамат­тары­мыз­ға, мемлекеттік заңды тұлғ­а­ларға беріледі. Ал бұрын ауылшаруашылық тауар өндіру­шілерде ондай мүмкіндік болған жоқ. Олар аукционнан жерді сат­ып алар болса, кадастр­лық құны­ның толық 100 пайызын төлеуі қажет болатын. Өнімнің бітік шығуына қарап отырған шаруашылық­қа толайым өнім болса болды, ал бол­маса қуаң­шы­­лық кездерінде, шөлейтті жағ­дайлар мен климаттық факторлар орын алған уақытта өнім алынбай да қалады. Оның салдары қара­жат тапшылығын тудырады. Сон­­дықтан да осы мәселеде мем­ле­кет­тің көмегі жүйелі деуге негіз бар. Бұл ретте жердің кадастрлық құны­ның 50 пайызын ғана төлеп, қал­ғанын төлемеуге мүм­кіндік жаса­лу­да. Бұған дейінгі жер заң­нама­сында мұндай көмек болған жоқ. Ал келесі өзгеріс – жердің ныса­­налы мақсатын өзгертуге қатыс­­ты болып отыр. Осы уақыт­қа дейін ауылшаруашылық мақсатын­да­ғы жерлерде кейбір құры­лыс­тар­ды жүргізу үшін азаматтар жер­дің ны­саналы мақсатын өзгерту үшін көп­теген қиындықтарға тап бола­тын. Қазіргі таңда жердің нысаналы мақса­тын өзгерту тоқтатылды. Бұрын ауыл­шаруа­шылық мақсатындағы жерлерді мақсатсыз пайдаланғаны үшін азамат­тарға мемлекет салықты он есе көтере­тін. Ендігі кезде бұл тетік жер салығын көбейтуді жоққа шығарады. Осы өзге­ріс­т­ер мен толықтыруларды жүйе­лі түрде іске қосар бол­сақ, бірін­шіден, Ұлттық қорға қо­мақ­­­­ты қаражат түседі, екінші­ден, жер­дің шынайы иесі пайда бо­ла­­­ды. Бұл ретте сарапшы осы уа­­­қыт­қа дейін жердің шы­найы иесі болмағандығын алға тарт­ты. Яғни, бұрын жер мем­ле­кет­тің мен­шігінде болып, бюд­жет­тің қара­жаты шектеулі бол­ған­дық­тан оны игеруге мүмкіндік бол­ма­ғ­ан болса, бүгінгі таңда Жер кодексіне енгізілген өзгеріс­тер­ден ке­йін оның өз иесі пайда болып, жер­ді күтіп-баптауға жағ­дайлар жасалады. Ал жер дауын туындатып отыр­ған кикілжің – жерді шетел­дік­терге 25 жылға жалға беру мәселесі тіпті де алаңдауға негіз еместігін алға тартқан сарапшы, кез келген шетелдіктің инвестор екендігін ескерсек, олар міндетті түрде біздің елге экономикалық тұрғыда пайда әкелетінін білу маңызды. Бұл ретте жерді шетел­діктерге 10 жылға жалға бере­міз дейтін болсақ, ешқандай инвес­тор­дың елге келмеуі ақиқат. Оған себеп – қомақты қаражат құйып отырған инвестор қажетті соманы 10 жыл ішінде жинай алмайды. Бұл әлемдік тәжірибеде көрініс тапқан, үлкен қаражат құя отырып, оны 10 жыл ішінде өндіріп алу еш жерде жоқ. Ол өте қысқа мерзім саналады. Сондықтан, мемлекет 25 жыл уақытты сайлады. Бұл тек жалға беру. Осы уақыт ішінде инвестор жерді пайдаланып, өнімін алған соң жерді қайтаруы тиіс. Және де көпшіліктің күдігіне ұласып отырған жерді бүлдіру немесе дұрыс пайдаланбау ісі де назардан тыс қалмайтынын ескеру керек. Жерді пайдалану шарттарының сақталуы қадағаланады. Б.Базарбек шетелдіктерден әсте қорқу­д­ың қажеті жоқтығын, дегенмен, оларды қолдап немесе қорғаудан аулақ екенін жеткізді. Тек жағдайға шынайы қарап, елдегі бос жатқан жерлерді игеру қажеттігіне сенім білдірді. Сонымен қатар, жерді шетел­діктерге жалға беру мәселесінде олардың көптеп келуінен және жерді иемденіп алуынан қауіп­тенуге себеп жоқ. Себебі, еліміз­дегі ауылшаруашылық мақ­сатын­дағы жер­лер­дің басым көп­ші­лігі эрозияға бейім жерлер. Яғни, шетелдіктердің наза­рына ілі­ге­тіндей тартымды, не құнар­лы емес. Сондықтан, олар елі­­міз­де қаптап кетпейді. Жер кодек­сі­не енгізілген өзгерістер тек бір мақсатты көздейді – жердің иесі болу және бос жатқан жерлерді пайдаланып, одан өнім алу. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан»