Осы күндері көтеріліп жатқан жер туралы мәселеге жұртшылықтың алаңдаушылық білдіріп, өткір-өткір пікір айтып, жерді қорғау жөніндегі әңгімелері, бір жағынан, көңілге қуаныш ұялатады. Бұл дегеніңіз – халқымызда намыс барын, елде болып жатқан өзгерістерге олардың енжар емес екендігін көрсететін жақсы құбылыс. Шүкір, бұл әңгімелер тәуелсіздігіміздің баянды болатындығына, қазағымыз көзінің қарашығындай болған қасиетті жерінің бір қадағын да ешкімге бермейтіндігіне сендіреді.
Екінші жағынан, осындай алаңдаушылық шектен шығып бара жатқан кезде қазіргі жер төңірегінде болып жатқан түрлі әңгімеден өз басым елімізде әлі де құқықтық қоғамның толықтай қалыптаспай жатқандығын көргендей болам. Заң актілерін тереңдеп меңгермей, эмоцияға бой алдырып жатқанымыз байқалады. Ал Елбасының өзі бастап, бұқаралық ақпарат құралдарының баршасы жердің шетелдіктерге сатылмайтындығы туралы қайта-қайта жазып жатқан жоқ па! Оқыған адамға бәрі түсінікті, естір құлаққа қонатын сөздер.
Енді мына жағдайға қараңыз... Егер қазақтың құнарлы жерлерін, шұрайлы даласын осылай иесіз-күйсіз қалдыра беретін болсақ, ертеңгі күні олар құмға, шөлге айналып кетуі де шындық қой. Жерді қолынан іс келетін өз азаматтарымызға жекеменшікке беру – еліміздің ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен серпін беретінін ескерейік.
Халқымызда «Өзім дегеннің өгіз қара күші бар» дейтін мақал бар. Ұлан-байтақ жерімізді қазақтың өзі сатып алып, оған ие болып, күтіп-баптап игеретін болса – онда жеріміз тозбақ емес. Ал жалға алып біреулер оны игере алмай жатса, тиімсіз пайдаланып жатса – ол жерлерді қайтарып алудың да тетіктері ойластырылған.
Өткен жылғы бір сапарда Швейцарияда бір фермермен сөйлескенім бар. Жері күтімде, шақпақ-шақпақ жасыл дала, көкорай шалғынға бөккен бел-белестер. Көлденең жатқан бір бұтақ жоқ, айнадай тап-таза. Таңғаласың, қызыға қарайсың. «Бұған қалай жеттіңіз?» деген сұрағымызға фермер өз жерінің үш ғасыр бойы атадан балаға мирас боп келе жатқанын мақтанышпен әңгіме еткен.
Мінеки, келешекте қазақ жері де осылайша гүл-гүл жайнап тұрса шіркін, деп іштей армандайды екенсің!
Сондықтан да Жер кодексіне енгізілген өзгерістердің астарынан қауіп іздеудің қажеті жоқ деген ойдамын.
Иесіздік жерді тоздырады. Жер әрдайым күтімді қажет ететінін ұмытпайық.
Әлібек АСҚАРОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры,
жазушы
Алматы

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25