Атам заманнан бері қарай біздің халқымыз үшін жер мәселесі басты мәселе болып келеді. Ресейдің отары болған тұста, кешегі Одақ құрамында болған кезде де қазақтың жанды жері кең алқапты даласының паршалануы болды. Ел тәуелсіздігін алған уақытта да халықтың басты қазынасына қатысты кез келген мәселеге күмән-күдікпен қарау байырғы бабалардан қанымызға сіңген инстинкт болар, сірә.
Осы орайда Жер кодексіне қатысты бірқатар сауалды Парламент Мәжілісінің депутаты Байділдә ЖЫЛҚЫШИЕВКЕ қойған болатынбыз.
– Жер мәселесі жеңіл қарайтын мәселе емес. Сол себепті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі іле-шала қабылданған іргелі заңның бірі жерге қатысты болды әрі оған уақыт талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп келеді. Заң дегеніңіз де қоғам талабына, нарық заңдылықтарына сәйкес жетілдіріліп отырады ғой. Қарап отырсақ, жер мәселесіне қатысты заңнама бес мәрте қабылданыпты. Соңғысы, 2003 жылы қабылданған Жер кодексіне өткен жылдың қараша айында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
– Аталған өзгерістер қандай мақсаттан туындаған еді?
– Ол ең алдымен ауыл шаруашылығы жерін пайдаланушылардың мүддесін көздейді. Республика бойынша 300 мыңнан астам жер пайдаланушы бар. Өйткені, ауыл шаруашылығы саласында пайдаланатын жерлер жеткілікті болғанымен, соның тең жартысына жуығы пайдаланылмай бос жатыр. Біріншіден, оны игеруге кейбірінің күші жетпейді. Екіншіден, қаржы тапшылығы қолбайлау. Жерді игеруге қатысты ізгі ниеттен туындаған шешім бұл.
Жер табыс әкелуі керек. Ол жердің иесіне, сол жерде еңбек етіп жатқан шаруаға, жалпы, Қазақстан халқына, оның ар жағында мемлекетке табыс әкелуі тиіс. Жер жұмыс істемей, қараусыз қалса, құнарлылығын жояды, арамшөп басып кетеді. Содан кейін барып, жер айналымнан шығады. Құнарсызданады. Ал жердің құнарлылығын жоғалтып алсақ, қайтып оны қалыпына келтіру үшін оған ондаған жылдар керек. Сол себепті, осы мақсатта Жер кодексіне өзгерістер енгізіліп отыр.
– «Шетелдіктерге жер сатылады» деген пікір қайдан туындап отыр?
– «Шетелдіктерге жер сату» деген түсінік кодексте атымен жоқ. Алғашқы заңдардан бастап қазіргі қолданыстағы заңнамада «жер сатылады» деген ұғым мүлде болған да емес. «Шетелдіктерге, шетелдік компанияларға жер сатылады» деген бір ауыз сөз жоқ. Болған емес, болмайды да. Тек жалға беру мәселесі бар. Жерді жалға беру мәселесі осыған дейінгі заңдардың бәрінде де қамтылды. Қайта бұрын 99 жылға, 49 жылға дейін жерді жалға беру жөнінде норма болды. Кейінгі, 2003 жылы қабылданған заңда 10 жылға жалға беруге болатын болса, өткен жылы қабылданған өзгерістердің нәтижесінде жерді жалға беру 25 жылға ұзартылды.
– Неге 25 жылға ұзартылды?
– Кез келген азамат ол жерге қаржысын салғаннан кейін одан табыс табамын деп ойлайды ғой. Ғылыми тұжырым тұрғысынан қарағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарынан пайданы он жылдың шамасында ғана көреді екен. Салған қаржысының есесін он жылдан кейін қайтаратын болса, онда жерге кім инвестиция салады? Сол себепті, осы кезге шейін шамалы жер ғана жалға алынды, бар болғаны 62 мың гектардың шамасында. Инвестиция тарту үшін жалға беру мерзімі ұзартылды. Қаржы келетін болса, табыс та молаяды, жұмыс орны ашылады, қазынаға түсетін салық көбейеді.
– Жерді сатып алу мәселесі сонда қайдан шығып отыр?
– Мәселен, бір азаматтың 49 жылға алған жері бар делік. Қазір ол «мен жерді сатып алмаймын, оны 49 жылға жалға алған күйінде пайдалана беремін» десе, оған заң бойынша құқығы бар. Егер ?? ????? ????? ?????? ????, ??????? ?????????? ??????? 50 ???????? ???????? ????????.де жерді сатып аламын десе, жердің кадастрлық құнының 50 пайызына жеңілдік жасалады. Сол соманың өзін 10 жыл ішінде бөліп төлеуіне болады. Мінеки, бұл – үлкен жеңілдік. Ол жерді жекеменшігіне алғаннан кейін оған деген көзқарас та басқаша болады ғой. Ол иелігіндегі жерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру үшін күтіп-бағады, табыс табуға ұмтылады емес пе?!
Сондай-ақ, Қазақстан азаматының мемлекеттің жер қорынан жер сатып алуға мүмкіндігі бар. Бар мәселе осында. Бұл жерде қазақстандық азаматтар ғана сатып ала алады. Ал шетелдіктердің тек жалға алуға ғана құқы бар.
– Ендеше, жерге қатысты түсінбестіктің түп-төркіні қайда жатыр?
– Әрине, жұртшылықтың барлығы дерлік заңнан хабардар деп айту қиын. Сондықтан жалпы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Оған жергілікті әкімдіктерден бастап барлығымыз атсалысумыз керек. Халық қабылданған заңның ерекшелігі қандай, ол не үшін қабылданып отыр? – деген басты сауалдарға жауап алуы тиіс. Егжей-тегжейлі түсіндірілмегендіктен, халық арасында үстірт пікір қалыптасып отырғаны сондықтан. Бұл – ????????????. ?????????, ??? ??????? ?? ??????????? ?????????? ??????? ??????? ?????біріншіден. Екіншіден, қай қоғамда да кездесетін керітартпа кісілер осындай сәтте дүрбелең туғызуға бейім тұратыны тағы бар.
– Заң 1 шілдеден бастап күшіне енеді ғой?
– Иә. Оған қоса, ендігі жерде Жер кодексінің заңдық нормаларын жүзеге асыру үшін Үкімет тарапынан заңдық актілер қабылданады. Қалың көпшілік тарапынан айтылған ұсыныстар, күмәндануға себеп болған тұстар осы заңдық актілер аясында ескеріледі.
– Жалпы, осы мәселеден өзіңіз қандай ой түйдіңіз?
– Осы кезге дейін қаншама қиыншылықтардан өттік. Кешегі тоқсаныншы жылдардың тапшылығы естен шығып кетті ме? Сол кездің өзінде сабырға жеңдіріп, жақсы күнге қол жеткіздік емес пе! Ақылдың, бірлік пен татулықтың арқасында қиын кезеңдерді артқа қалдырдық қой. Басқа жұрт қызыға да, қызғана да қарайтын бейбіт өмір мен тыныштық қазаққа тән сабыр мен салмақтылықтың арқасында салтанат құрып тұр. Олай болса, ең алдымен мәселенің байыбына барып, тереңіне үңіліп барып әңгіме қозғау керек.
Әңгімелескен
Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»