04 Мамыр, 2016

Қостанайда «Алаш» аллеясы ашылды (фото)

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-05-2016-tal eguҚОСТАНАЙ. 4 мамыр. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Алаш» аллеясы ашылды. Оған Алаш ардақтыларының әрқайсысының атына арнап ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Алаш ардақтысы, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл және Қостанай облысының құрылғанына 80 жыл толуына байланысты өткен «Әлихан Бөкейхан және Алаш тағылымы» атты ғылыми-практикалық конференциясы аясында тағы бір игілікті шара атқарылды. Конференцияға келген қонақтар мен студенттер, білім ордасының оқытушы-профессор құрамы қазақ зиялыларының әрқайсысына, Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсыновқа, Міржақып Дулатовқа және Қошке Кемеңгердің құрметіне арнап ағаш көшеттерін отырғызды. Университет алдында облыс орталығының көрікті орындарының бірі – гүлзар, саябақ орналасқан. Онда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың ойлы қарап отырған ескерткіші жұрттың назарын ерекше аударады. Енді университет алдынан орын тепкен ұлт қайраткерлеріне арналған аллея да жастарға рух беретін болады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: egemen.kz. 04-05-2016-tal egu 2 04-05-2016-tal egu 1