04 Мамыр, 2016

Испанияда ежелгі жәдігерлер табылды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-05-2016 spainАСТАНА. 4 мамыр. Испанияның Севилья провинциясына қарасты Томарес қаласында Tragsa компаниясының қызметкерлері салмағы 600 кило болатын ежелгі тиындарды тауып алды. Бұл туралы espanarusa.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бір метр тереңдіктен Рим империясының тиындары салынған 19 құмыра табылды. Археологтар табылған олжаны ежелгі тарихты зерттеуде маңызы зор екенін айтты. Мамандар ІІІ және ІV ғасырға тиесілі екенін мәлімдеді. Олардың кейбірі тіпті айналымға шықпаған күйі сақталғаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл заттардың тұтас бір ұйымның қаржысы немесе Рим империясының әскерлеріне арналған жалақы да болу мүмкіндігі жоққа шығарылмады. Қазір мамандар осы іспен айналысуда. Ресми мәліметтер бойынша, тиындардың сыртында Константин және Максимилиан императорлардың таңбалары басылған. Құнды дүние тек қоладан ғана емес, күмістен соғылған деген болжам бар. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: espanarusa.com.