kzarmy и #7мамыр хэштегімен әлеуметтік желілерде өтіп жатқан құттықтау акциясы бүкіл Қазақстанды қамтыды. 500-ге жуық адам барлық әлеуметтік желілерде 7 мамыр символикасы түрінде салынған аквагримі бар өз фотосуреттерін жолдады. «7 мамыр ерік-жігері мықты, қайсар мінезді ер азаматтардың мейрамы. Әрбір ер адам жауынгерлік бекетте немесе өзге де жағдайларда ең алдымен, өзінің отбасы және Отанымыздың қорғаушы болып келеді», деді Айдын Айымбетов.
Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі.
