04 Мамыр, 2016

Түлкібас ауданында бекіре бассейнде өсіріліп жатыр

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.05.2016 OQO-3 ШЫМКЕНТ. 4 мамыр. Түлкібас ауданы Керейт ауылында бассейнде бекіре өсіріліп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Зауыт жылына 100 тонна балық еті мен 1200 кило қара уылдырық дайындайды. «Бізде бекіре тұқымдас 5 түрлі балық өсіріледі. Арқан балықтың үш түрі және сүйрік балықтың 5 түрі бар. Тіпті, өте сирек кездесетін Альбинос бекіресі де бар. Ол бекіре 3 жылда бір рет уылдырық шашады. Биыл 1 келі уылдырығын 3,5 миилион теңгеге саттық», деді балық зауытының меңгерушісі Николай Царев. Балық өсірілетін су артезиан құдығы мен бұлақ бастауларынан алынады. Осында арнайы өңдеуден өтіп, бассейндерге құйылады. Мұнда жергілікті 20 тұрғын жұмыспен қамтылды. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz