25 Қаңтар, 2011

Статистикалық мәліметтер дәл болуы керек

665 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы болып өтті. Мәжілісте агенттіктің өткен жылғы жұмыс қорытындылары талқыланып, биылғы жылға белгіленген негізгі бағыттары мен міндеттері анықталды. Аталған жиында негізгі баяндаманы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов жасады. 2010 жылы агенттікте мә­лі­меттерді пайдаланушылардың статистикалық ақпараттарға жә­не дамудың стратегиялық мақ­саттарына қол жеткізуге қа­жет­тіліктерін қанағаттандыруға ба­ғыт­талған ауқымды жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ өткен жылы 189 статистикалық байқау өткізілді. Ел Президентінің «Жаңа он­жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және еліміздің 2010-2014 жыл­дарға арналған үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму бағдарла­ма­сының іске асы­ры­луын мониторингілеу мақ­сатын­да агенттік атал­ған бағдарлама­ның мақсатты ин­дикаторын білдіретін статис­ти­ка­лық көрсет­кіш­тер тізбесін әзір­ле­ген. Соны­мен бірге тоқ­сан са­йын «Қазақ­стан Рес­пуб­лика­сы­ның 2010-2014 жыл­дар­ға арналған үде­мелі ин­дустрия­лық-инновация­лық дамуы­ның көр­сет­кіштері» бюллетені қа­лып­тастыры­л­мақ. Ел Үкіметінің қолдауымен агент­тік «е- статистика» жүйесін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізсе, бұл статистикалық деректерді жинау, өңдеу және тарату барысын автоматтандырудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. «Деректерді он-лайн режімінде жинау», «Ақпараттық талдамалы жүйе», «Әкімшілік деректер қоры» ақпа­рат­тық жүйелерін жасау ке­зең-кезеңмен енгізу басталған. Осы ретте өткен жылда болған маңызды оқиғалардың бірі – 2009 жылғы халық санағының соңғы қорытындыларын шығару және 2010 жылы 16 желтоқсанда 16 жинақтың жария­ла­нуы болды. Қа­зіргі таңда жинақ­тардың электрон­ды нұсқалары агенттік сайтында орналасқан. Агенттік 2011 жылға Жаһан­дық халықаралық салыстыру­лар­дың кезекті раундының дайындық іс-шараларын іске асыру, ком­мерциялық жылжымайтын мүлік­ті жалға беру бағаларына ста­тис­тикалық есептілік енгізу секілді жұмыстарды жоспарласа, биыл­ғы 1 шілдеден бастап Кеден одағы аясында кедендік ресімдеуді жою жағдайында өзара сауда бойынша жаңа статистикалық байқау жүр­гізу де агенттіктің алдағы уақытта атқарар жұмыстары қатарында тұр. Сонымен қатар «Мульти-ин­дикаторлық кластерлік зерт­теудің» 4-ші раундының қоры­тын­дыларын шығару жұмыс­тарын аяқтау мен өзге де ма­ңызды міндеттерге қол жеткізу жоспарланған. Басқосуда ведомство басшысы Ә.Смайылов еліміздің статисти­ка­лық жүйесін жетілдіру үшін 2010 жылы Бүкіләлемдік банктен 20 млн. доллар көлемінде заем алу бойынша жұмыстар бас­талға­нын, сондай-ақ жоба­ның негізгі мақсаты республи­каның барлық статисти­ка­лық жүйесін, оның ішін­де статис­тикалық жұмыс­тарын халықара­лық тәжірибе­лер­ге сәйкес жетілдіру болып та­бы­латынын айт­ты. Агенттік төр­ағасының ай­туынша, осы күн­дері жоба Экономикалық даму және сауда, Байланыс және ақпа­рат министрліктерінің эконо­ми­­ка­лық оң бағалауын алған. Қар­жы ми­нистрлігінің барлық ескертпелері жойылса, енді Бүкіл­әлемдік банкпен келіссөздерді бастау үшін Республикалық бюджеттік ко­мис­сия­ның шешімі қажет екен. Статистка агенттігінің алқа оты­рысын қорытындылаған Пре­мьер-Министр Кәрім Мәсімов қазіргі таңда елде «Электронды Үкіметті» дамыту мәселесіне баса көңіл бөлініп отырғанын және бұған қажетті ресурстар да жеткілікті екенін айта келе, Статистика агенттігі бұл ретте базалық мәлі­меттердің біркелкі болуын назарда ұстауы қажет екенін жеткізді. Сонымен бірге ол агенттік өкіл­дерінің статис­тикалық мәліметтің барынша дәл және біркелкі бо­луына күш жұмылдырғандары абзал дегенді де қаперге сала келіп, статис­тикалық мәлімет неғұрлым дәл болса, басқару шешімі де соғұр­лым тура болады дегенді де назардан тыс қалдырмады. Отырыста Үкімет басшысы Статистика агенттігінің аймақ­тардағы өкілдіктерінің жергілікті атқарушы органдар тарапы­нан қысым көріп отырғанын , осы тұста олардың жергілікті билік тарапынан сөз естігісі кел­мейтінін айта келе, соған қа­рамастан агенттік өкілдеріне өте дәл және тура ақпарат беру­дің маңызды екенін міндеттеді. Өйткені еліміздің қандай да бір аймағында, мәселен, бағаның өсу жағдайлары орын алған кездерде біз аталған мәселе бойын­ша жедел шешім қабылдай алуы­мыз керек, деді Кәрім Қа­жымқанұлы. Алқа мәжілісінің қорытын­дысында Үкімет басшысы мен агенттік төрағасы арасындағы 2011 жылы агенттіктің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуіне бағыттал­ған меморандумға қол қойылды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.