Жақында 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімінің (КӘЫК) кейбір ережелерінің уақытша қолданылуы басталды. 2016 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойған болатын.
Еуропа тарапының ресми хабарландыруына сәйкес, уақытша қолданысқа тек Еуропалық комиссияның құзыретіне жататын ережелер енеді. Олардың арасында сыртқы саясат пен қауіпсіздік, демократияландыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық және тұрақты даму, сауда, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа салалар бойынша ынтымақтастық мәселелері бар.
Келісім толық күшіне Еуропалық одаққа мүше барлық 28 мемлекеттің ұлттық парламенттерінде ратификациялаудан өткеннен кейін енеді. Оған дейін 1995 жылғы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім өз күшін сақтайды.
Қазақстан – Еуропалық одақпен осындай екінші буындағы келісімге қол қойған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет.
Жаңа келісім әрекеттестіктің шегін 29 салаға дейін кеңейтіп, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше ел болуын ескерумен қатар, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудағы маңызды қадам болып, ынтымақтастықтың жаңа деңгейге өткендігін айқындайды.
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 2016 жылғы 29 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған өзінің мақаласында атап өткендей, «Еуроодақпен жаңа келісім еуропалық институттармен де, Еуропа мемлекеттерімен де барлық деңгейде әрі қарай ынтымақтасуды тереңдетудің берік негізін қалайды, сондай-ақ, Қазақстанның одан әрі саяси және экономикалық дамуының қозғаушы күші болады».
«Егемен-ақпарат»

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15