05 Мамыр, 2016

«Саланг» дәмханасы

326 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
DSC_0020-2Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Орал-Атырау тасжолының бойында Ақсуат ауылының тұсында орналасқан осы кафенің ашылғанына он бес жылдай уақыт болды. Басында жүргіншілер үшін шағын шайхана болған осы тамақтану орны кейін өзінің жайлылығын кеңейтіп, келушілерге жан-жақты қызмет көрсетуімен айналаға аты таныла бастады. Мұнда ұлттық тағамдар даярланады. Әр кез бауырсақ, қаймақ, күрең шайы­мен қоса дәмді қуырдағы қызықтырмай қоймайды. Сөйтіп, қалағаныңды алып, шөліңізді баса аласыз. – Марқұм, жолдасым Теңелбай Дүйсеғалиев Ауған соғысының ар­дагері еді. Сол елдегі Саланг тау шат­­қалында талай Кеңес жауын­герлері ерлікпен шайқасты, қаза тапты. Сондағы достарын әр кез есіне алып жүретін. Кейін осы та­мақ­тану орнын жаңғыртып, қай­та ашқанда сөзге келместен атын «Саланг» қойды. Әрлі-берлі жүр­ген сол соғыс ардагерлері жиі со­ғып тұратын. Осында әңгіме-дү­кен құратын. Тағдырдың қатал­ды­­ғын қара! Өзі 2008 жылы жол апа­тынан оқыста қайтыс бол­ды, – дей­ді дәмхананың мең­геру­ші­­сі, Теңелбайдың жары Ләззат Сейткереева. Үш баламен қалған Ләззат тағ­дыр­­дың салғанына көнсе де бас­та­ған істерін аяқсыз қалдыруға бір жағы­нан намыстанса, екіншіден, «әйел­дің қолынан не келер дей­сің» деген мүсіркеушілікті мо­йын­­дағысы келмеді. Сөйтіп, белін бе­кем буып, жолаушыларға үлгілі қыз­мет көрсетуді одан әрі жал­ғас­­тыр­ды. Тиынға тиын қос­ты. Дәм­­ха­наға күрделі жөндеу жүр­гіз­ді. Кеңітті. Қабырғаларын тал­ғам­­ға сай әрледі. Жаңа жаб­дық­тар ал­ды. Ыдыс-аяқтың әдемі­сін де осы­н­нан табасыз. Әр бөл­ме­нің тө­бесіне шашырай жа­рық бе­ре­­­тін шамдар ілді. Ою-өр­нек­ті тө­­­сені­штер көзге көрік бер­ді. Бұл шаруа­да іні-келіндері Аза­мат, Алма­гүл, күйеубаласы мен сі­ңі­л­­ісі Жанболат, Жанардың қолғабыстары мол еді. 2013 жылы шағын және ор­та бизнесті одан әрі нығайту үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»  бағдар­ламасына сүйеніп 3 млн. теңге несиеге ие болды. Сәнді етіп дәмханаға жалғастырып, нау­бай­хана салды. Барлық құрал-жаб­дықтарын сатып алды. Бұрын нанды Орал қаласынан таситын. Мұның өзі көңілдегідей болмайтын. Осы жайсыздықтан құтылды. Қашан­да тап-таза, ыстық нан әзір тұратын. Жаз кезіндегі науқанды жұмыс­тарда жүретін төңіректегі шаруа қожалықтарының азамат­тары мен жүргіншілер, сондай-ақ, той өткізетін шаңырақтар нанға тапсырыс бере бастады. Демек, шаруаның ыңғайы келіп, иіні орын тебеді. Ыстық тамаққа сойыс малдарды да «алыстан арбаламай, жақыннан дорбалап» жүрген жайы бар. Яғни, көршілес малды ауылдардан, шаруа қожалық­тарынан таңдап сатып алады. Бұл екі жаққа да тиімді еді. Ләззат Мұратқызы қазір ауыл­дың он екі жасын жұмыспен қам­тып отыр. Олар екі ауысымда жұмыс істейді. Себебі, еліміздің ба­ты­сындағы маңызды күре жолда көршілес елдер түгілі, алыс шетелдердің автомашиналары  да ағылуда. Оларға қай уақытта болмасын тамақ керегі анық. Сөйтіп, уақытпен санасу жоқ. Жыл­­дың қай мезгілінде де өз іс­т­еріне жауапты қарайтын дәм­хана қызметкерлері Анаргүл Шонаева, Данил Өтегенов, Аман­­ғали Қы­дыр­алиев сияқты жандар­ды Ләззат орынды мақтан етеді. – Ләззат Мұратқызы – Ақсуат ауыл­дық округінің белсенді кәсіп­кері. Көпшілік шаралар мен түрлі акцияларға қолдау көрсетуден жалыққан емес. Жақында Тәуел­сіздіктің 25 жылдығына орай С.Ошанов атындағы орта мектепте өткен «Жырлаймын Қазақстанды» атты жыр кешінің жүлдегерлерін марапаттауға атсалысты. Сондай-ақ, аудан орталығында салынып жатқан жаңа мешіт үйінің құрылысына қомақты үлес қосты, – дейді аталған ауылдық округтің әкімі Дәмелі Бекен. Оның бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі рес­пу­б­ликалық «Парыз-2014» бай­қауының дипломанты атануы да, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарына ие болуы да осындай ел таныған еңбегінің арқасы. Тілес ЖАЗЫҚБАЙ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы