25 Қаңтар, 2011

Жәутіков олимпиадасының жеңімпазы бұл жолы да ресейлік балалар болды

543 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Міне, VII халықаралық Жәутіков олимпиадасы да аяқталды. Физика, математика және информатика пәндерінен өткен олим­пиадаға 14 мемлекеттің оқушылары қатысты. Команда­лық есеп бойынша биылғы олимпиаданың бас жүлдесін де Мәскеу мемлекеттік университетінің мамандандырылған оқу-ғылыми орталы­ғы­ның (СУНЦ МГУ) оқушылары жеңіп алды. Сонымен биылғы олимпиа­да­ға 46 команда (296 оқушы) қа­тыс­ты. Дарынды балалардың жұ­мыс­тарына 8 мемлекеттің айтулы математик ғалымдары төрелік етті. Қазылар алқасының құрамында ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұма­діл­даев сияқты ғалымдар болды. Қазылар алқасына Әл-Фараби ат­ы­ндағы Ұлттық университет рек­торы Ғалымқайыр Мұтанов төр­ағалық етті. Студенттер сарайында өткен ол­импиаданың жабылу салта­на­тын­да 24 бала алтыннан алқа тақ­ты. Қазақстаннан 7 оқушы алтын медальмен марапатталды. Күміс медаль 47 баланың мойнына ілінді. Күмістің 14-і қазақ балала­ры­на тиесілі болса, қола медальдің де 24-і Қазақстанда қалды. Командалық есеп бойынша бас TUDOR VIANU National High School of computer science ExxonMobil Kazakhstan Microsoft Ka?zak?hstan?, ?Kcell? жүлдені ресейлік балалар алып кеткен болса, бірінші орынды TUDOR VIANU National High School of computer science коман­дасы (Румыния) иеленді. Ал жүл­делі екінші орындарды О.Жәу­тіков атындағы Республикалық ма­мандандырылған дарынды ба­ла­ларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты мен София жоғары мектебінің (Болгария) командалары өзара бөліссе, үшінші орынды Фатих колледжі (Түркия), Түрік жоғары мектебі (Түркия) және Тәжік түрік ли­цейі­нің (Тәжікстан) командалары иемденді. Жеңімпаздардың барлығы ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындаған сыйлықтарға ие бол­ды. Сондай-ақ, олимпиаданың бас демеушілері: «РМФМОМИ түлектерінің қоры», «ExxonMobil Kazakhstan» мен «Microsoft Ka­zak­hstan», «Kcell» компаниялары жүлделі орындардан табылған да­рынды балаларға бағалы сый­лық­тарын тапсырды. Бас жүлдені же­ңіп алған команданың 7 қатысу­шы­сына ноутбук тарту етілді. «Халықаралық Жәутіков ол­им­пиадасы – әлемнің әр түрлі мемлекеттеріндегі мамандандырылған физика-математика мектептерінің арасында өтіп келе жатқан тамаша интеллектуалдық сайыс. Олим­­пиада дарынды балалармен жұ­мыс істеуде өзіндік тәжірибе мен қолтаңбаға ие болып келе жатыр. Жәутіков олимпиадасы бұ­рынғы бүкілодақтық олимпиа­да­ның жал­ғасы іспетті. Жыл сай­ынғы ол­импиаданы өткізуге мемлекетіміз қолдау көрсетпеген болса ол қа­зіргі деңгейіне көтеріле ал­ма­ған болар еді. 16 елдің талант­ты ба­ла­ларын Қазақстанға жинап, білім жарыс­тыруға еліміздің Білім және ғы­лым министрлігі де ай­тар­­лықтай атсалысты», – деді Қай­рош Мақышев. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.
Соңғы жаңалықтар