05 Мамыр, 2016

Сирияда соғыспақ болған қарағандылық 6 жылға сотталды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-05-2016 siriyaҚАРАҒАНДЫ. 5 мамыр. Халықаралық лаңкестік ұйым – ДАИШ-тің құрамына ену үшін Сирияға кетпек болған Қарағанды қаласының тұрғыны 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қарағанды қаласының 33 жастағы тұрғыны өзінің теріс пиғылды ойын жүзеге асыру үшін танысының төлқұжатын ұрлап алып, Қырғызстанға өткен. Ол жақтан «Бішкек-Ыстамбұл» авиарейсіне отырып Түркияға жетеді. Одан әрі Газиантеп қаласы арқылы Сирияға заңсыз түрде өтпек болған жерінде түрік шекарашыларының қолына түскен. Сот айыпталушыны 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі. Сондай-ақ, ол мемлекет пайдасына процессуалдық шығындардың орнын толтыру үшін 226 320 теңге төлейді. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметі. Фото: newsru.com.