06 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-12-2015-Elbasy-Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер  беру туралы Қаулы етемін: авиация генерал-лейтенанты әскери атағы Орманбетов Нұрлан Секенұлына; вице-адмирал әскери атағы Жанзақов Жандарбек Сәдуұлына; Мемлекеттік Күзет Қызметінің генерал-лейтенанты арнаулы атағы Күренбеков Амантай Жанкеұлына; генерал-майор әскери атағы: Әлшекенов Лұт Сапуұлына, Ділманов Дархан Айтқалиұлына, Қашағанов Нұрлан Мұсақанұлына, Нұрахметов Сағатбек Төлеубайұлына, Омарқұлов Жандос Қастелбекұлына, Сатов Мұхаметқали Құсайынұлына; авиация генерал-майоры әскери атағы: Айымбетов Айдын Ақанұлына, Кәрбенов Нұрлан Жанайдарұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Дүйсебаев Әбілсейіт Оразақынұлына; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Әденов Күзембек Станбайұлына; Мемлекеттік Күзет Қызметінің генерал-майоры арнау­лы атағы Әшімбекұлы Ардаққа; полиция генерал-майоры арнаулы атағы Лепеха Игорь Владимировичке; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сы­нып­тық шені: Қайыбжанов Марат Жолмағамбетұлына, Нұрпейісов Сапарбек Айтуұлына, Патсаев Ұлықбек Қаныбекұлына.  Қазақстан Республикасының Президенті                   Н.НАЗАРБАЕВ  Астана, Ақорда,  2016 жылғы 5 мамыр №245