06 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-12-2015-Elbasy-Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулы етемiн:
  1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Родин Дмитрий Олеговичке – «Fokker-100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлына – Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.
  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 3 мамыр №244