25 Қаңтар, 2011

Елбасы қабылдады

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайыр­бекованы қа­былдады, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің баспасөз қызметі. С.Қайырбекова Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы баяндады. – Президент  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді, деді С.Қайырбекова.