06 Мамыр, 2016

«Ақ алтынның» орнына алма өсіреді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2458_okoДүниежүзіндегі таңдаулы алма көшеттері Оңтүстік диқандарының да игілігіне айналды. «Ақ алтынмен» аты шыққан Мақтаарал ауданының даңқы енді алмамен де өрлемекші. Жақында облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен «Ontustik Invest-2016» халықаралық форумы өткен. Форумда «Александровский сад» серіктестігі Мақтаарал ауданында екі мың тонна жемісті қайта өңдеп, 1,5 мың тонна жеміс-жидекті сақтайтын кептіру кешенін салмаққа келісімшартқа отырды. Осындағы индустриялық аймақта ашылатын қойманың өзіндік құны – 800 млн. теңге. Осы жоба бойынша кептірілген өнімнің 70 пайызы ішкі нарыққа жіберілсе, 30 пайызы көрші мемлекеттерге экспортталады. Форумда оңтүстікқазақстандық «Алексан­дровский сад» серіктестігі Түркияның «Almaty Teknik Tarim» ЖШС-мен қарқынды бауды жүз гектарға дейін көбейту мақсатында өзара ынты­мақтастық меморандумына қол қойды. Тамшы­латып суарылатын қарқынды бау жобасы жылына 10 мың тонна алма береді деп жоспарланып отыр. Қазақстан және Түркия жағынан қаржыланды­рылатын жоба құны 2,2 млрд. теңгеге жетеді. Ішкі нарықтан бөлек, сыртқы саудаға шығарылатын жаңа жоба 2018 жылы толық күшіне енеді. Осындай жағдайда сырттан тасымалданып келген шетелдік жеміс-жидектерге тосқауыл қойылады. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»