06 Мамыр, 2016

Жалған жүргізуші куәлікпен көлік басқарған азамат ұсталды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-05-16-gai mashinaПЕТРОПАВЛ. 6 мамыр. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті полицейлері жалған жүргізушілік куәлікпен көлік жүргізіп келген азаматтың іс-әрекетін әшкереледі. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Полицияның аға сержанты Руслан Сүлейменов қаладан шыға берістегі тексеру бекетінде BMW көлігін тоқтатып, 25 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны ұсынған жүргізушілік куәліктің қолдан жасалғанын аңғарған. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шақырылып, жүргізуші құжатты ауылдасынан сатып алғанын мойындаған. Әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушілік куәлік сараптамаға жіберілген. Автокөлік айып алаңына қойылған. «Үш күннің ішінде 1392 түрлі әкімшілік заң бұзушылық, оның ішінде 34 жеке тұлғаның арақ ішіп алып, көлік айдағаны тіркелді», – дейді  облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: tengrinews.kz.