06 Мамыр, 2016

Толайым табыс

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SONY DSC«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының үстіміздегі жылдың төрт айындағы таза кірісі 32,6 млрд. теңге құрады Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік контейнерлік тасымалдау бойынша көрсеткіш 2016 жылғы қаңтар-сәуір кезеңінде өткен жылдың осындай мерзімімен са­лыс­тырғанда 205%-ға өсті. Бұл компанияның Швейцария фран­кіндегі валюталық кірісін кө­бейтіп, қаржылық  нәтижесінің арт­­қандығын дәлелдеп, толайым та­бысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Компанияның биылғы жылдың төрт ай ішіндегі таза кірісі 32,6 млрд. теңге құрады. 2006 жылы 350 млн. АҚШ доллары сомасына 10 жылдық еуро облигацияларды өтеу мақ­сатында, компания бағалы қағаз иелерінің одан әрі өтем жасауы үшін эмитент – Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V. компаниясына барлық қаражатты төледі. Кредиторлар алдындағы мін­дет­темелерін уақтылы әрі толық орын­дауы арқылы «ҚТЖ» ҰК» ак­ционерлік қоғамы өз мәр­­т­ебе­сін осылайша ойдағыдай растады. Ком­пания қарыз алушы ре­тінде тұ­рақты бизнес-стратегиясы­мен ха­­лықаралық рейтингтік агент­тік­терінің Moody’s – Baa3; Fitch – BBB; S&P – BB кредиттік рей­тинг­теріне ие болды. Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»