06 Мамыр, 2016

Боливияда автобус құзға құлап, 12 адам қаза тапты

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-05-16-avtobus upalАСТАНА. 6 мамыр. Боливияда жолаушылар автобусы құзға құлап, 12 қаза тапты. Сондай-ақ, 30 жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қайғылы оқиға Санта-Крус қаласынан 240 шақырым жердегі Комарапа орталығының маңында болған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Құтқарушылар мен полицейлер қаза тапқандардың саны артуы мүмкін деп отыр. Себебі автобус ішінде қамалып қалған адамдардың мәйіттері әлі де бар екен. Талғат Райымбек. Дерек, фото: 24.kz.