06 Мамыр, 2016

Антарктидада 71 млн. жыл бұрынғы динозавр сүйектері табылды

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-05-2016 antarctidaАСТАНА. 6 мамыр. Антарктидада экспедиция барысында әр елден жиналған зерттеушілер салмағы бір тоннадан асатын динозавр сүйектерін тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мамандардың болжамы бойынша кейбіреулерінің жасы 71 миллион жылды құрайды. Табылған жәдігерлердің арасында көне тіршілік иелерінің сүйектері де бар. «Зерттеу жұмыстары кезінде плезиозавр, мезозавр, сонымен қатар юра дәуірі туралы түсірілген фильмдер арқылы білетін теңіз кесірткелерінің қаңқалары табылды», – дейді Квинсленд штаты университетінің ұстазы, доктор Стив Солсбери. Ғалымдар сондай-ақ, бор кезеңінде өмір сүрген құстардың да сүйектерін тапты. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».