04 Мамыр, 2016

Павлодарда бокстан Азия чемпионаты басталды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06.05.2016 AST АСТАНА. 4 мамыр. Павлодарда бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оған 18 елден 10 салмақ дәрежесі бойынша 115 боксшы қатысуда. Чемпионат 8 мамырда аяқталады. Оның ашылу салтанатына Екі дүркін Еуропа чемпионы, Олимпия ойындарының күміс жүлдегері, АИБА вице-президенті және Азия бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев пен Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов қатысты. Бокстан Қазақстан жастар құрама командасын шаршы алаңға аға жаттықтырушы Ғалым Кенжебаев шығарды. Оның айтуынша, команданың басты мақсаты – Азия чемпионатын жеңіп, командалық есепте бірінші орынға алу. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz