05 Мамыр, 2016

Қазақстан палуандары жаңа киіммен күреседі

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06.05.2016 AST-3 АСТАНА. 5 мамыр. Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) Қазақстан палуандары үшін киім үлгісінің эскизін бекітті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Биылғы жылдың ақпан айында UWW палуандардың жарыстарда киетін киіміне қатысты ережелерді жаңартып, дәстүрлі қызыл және көк түсті триконы алып тастаған болатын. Енді оның орнына спортшылар бозкілемге өз елінің мемлекетттік туы түстес күреске арналған киіммен шығады. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қазақстан күрес федерациясының vkontakte әлеуметтік желісіндегі парақшасы. 06.05.2016 Astana-4