06 Мамыр, 2016

Бойжеткенді тірідей өртемек болғандар тұтқындалды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-05-2016 pakistanАСТАНА. 6 мамыр. Пәкістанда 16 жастағы бойжеткенді тірідей өртемек болған бір тайпаның ақсақалдар кеңесінің 15 мүшесі қамауға алынды. Бұл туралы vteme.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәліметтер бойынша, 16 жастағы қыздың бар кінәсі – Исламабад қаласынан 50 шақырым қашықтықтағы Дунга Гали елді мекенінде қыз бен жігіттің қашып кетуіне жәрдемдескен. Кеңес мүшелері бұл ісімен бойжеткеннің тайпаны ұятқа қалдырғанын айтты. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары жазаның мұндай түріне келісім берген оның ағасы мен анасын да тұтқынға алды. «Бұл шешім ауылдан алыстау жерде өткен ақсақалдар кеңесінде қабылданған. Осы жерде қызға есірткі беріп, есінен айрылған кезде жастардың қашып кетуіне пайдаланылған шағын автобусқа отырғызған. Қол-аяғын орындыққа арқандап, көліктің және оның үстіне бензин құйып, өртемек болған», – дейді ауданның полиция басшысы Саид Вазир. Айта кетейік, Пәкістанда мұндай жазамен жылына бір мыңға жуық әйел адам мерт болады. Аян Әбдуәли. Дерек: vteme.kz. Фото: vk.com.