06 Мамыр, 2016

Дәурен Абаев Ақпарат және коммуникациялар министрі болды

311 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
06-05-2016-Abayev 01АСТАНА. 6 мамыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бүгін Абаев Дәурен Әскербекұлы жаңадан құрылған Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне басшы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұған дейін Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды. Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. Одан бөлек, 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған. Әр жылдарда бірқатар лауазымды орындарда абыройлы қызмет атқарды. Атап айтқанда, 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. Сондай-ақ, 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды. Сонымен қатар, 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы; 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты; 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары; 2009 жылдың қазанынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жемісті жұмыс істеді. 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ал 2013 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. «Құрмет» орденімен марапатталған. Үйленген, екі баласы бар. Еламан Қоңыр. Дерек, фото: akorda.kz.