06 Мамыр, 2016

Кенияда зілзаладан кейін 226 ғимарат қиратылады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-05-2016 keniaАСТАНА. 6 мамыр. Кенияның астанасы Найроби қаласында зілзалаға шыдамайтын 226 ғимарат қиратылады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Daily Nation басылымының хабарлауынша, қазірдің өзінде Хурума ауданында мұндай тізімге 70 ғимарат енген. Бұл аймақта толассыз жауған жаңбырдың салдарынан өткен айдың соңына таман 6 қабатты тұрғын үй құлап, 40 адам қаза тапқан болатын. Осыған байланысты, ел президенті Ухуру Кениата осы маңайдағы үйлердің бәрін тексеруден өткізуді тапсырған. Тексеріс кезінде тұрғындардың 60 пайызы сертификатталмаған баспаналарда тұратыны белгілі болды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: sputnikarmenia.ru.