26 Қаңтар, 2011

Бір күнде жетпіс нәресте

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыста бала туу көрсеткіші артып келеді Биылғы жылдың алғашқы күні-ақ жамбылдық «кіндік шешелер» дүние есігін ашқан 35 ұл мен 35 қыздың кіндігін кесті. Оның ішінде Тараз қаласын­дағы №1 перзентханада - 15, перинаталдық орталықта - 10 сәби дүниеге келген. Ал жыр алыбы Жамбыл атаның атын иемденген ауданның аналары 14 нәрестені өмірге әкеліпті. Бала туу бұл күні басқа аудандарда да тіркелген. Денсаулық сақтау басқар­ма­сы­ның мәліметі бойынша, өткен жылдың он бір айында облыс бойынша туу көрсеткіші бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда 23,6%-дан 23,8 %-ға жо­ғарыласа, бала өлімі 17,9 %-дан 16%-ға азайған. Бұл  өңір­дегі де­мографиялық ахуалдың жақ­са­рып, жергілікті билік тарапынан ана мен бала күтіміне ерекше кө­ңіл бөліне бастағанын көрсетеді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.