07 Мамыр, 2016

Абу-Дабидегі табыс

398 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
3-73Біріккен Араб Әмірліктерінде соңғы жылдарды Таяу Шығыста танымалдығы артып келе жатқан 26-шы Абу-Даби халықаралық кітап көрмесінде қазақ баспагерлерінің мерейі үстем болды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдас­тырылған «Қазақстан – Ұлы Дала елі» стендіне Қазақстанның Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының және Қазақстан баспагерлері, по­ли­графистер мен кітап тарату­шылар ассоциациясының (БПКА) бастамасымен «Атамұра», «Ал­матыкітап баспасы», «Мек­теп», «Қазақ энциклопедиясы», «Қа­зақпарат», «Көкжиек» бас­паларының тарих, экономика, мәдениетке қатысты 500-ден астам кітап түрлері қойылды. Көрмеге Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және өкілетті елшісі Қ.Лама Шариф қатысты. Дипломаттың айтуынша, баспагерлеріміздің осы көрмеге қатысуы Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени және іскер байланыстарды нығайтудағы маңызды қадамның бірі болып табылады. Қазақстанның Ұлттық мемле­кеттік кітап палатасы және БПКА президенті Ж.Сейдуманов жетек­шілік еткен Қазақстан делегация­сы құра­мында «Дәуір» РПБК бас дирек­торы С.Назарбаева, «Мек­теп» баспасының дирек­торы Е.Сатыбалдиев, «Қа­зақ энциклопедиясының» ди­ре­к­торы Ж.Тойбаева, өзге де баспагерлер болды. Абу-Даби халықаралық кітап көрмесі барысында құрылтайшысы Қазақстан Жазушылар одағы, кітап палатасы, БПКА болып табылатын «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалімен ақын, публицист Хабиб Саиг, «Аль-Иттихад» газетінің бас редакторы Мухаммед әл-Хаммади, ақын Абдулазиз әл-Бабтин, Абу-Даби мәдениет және туризм басқармасы зерттеулер мен жарияланымдар бөлімінің директоры Мохамед әл-Шеххи, көрме қатысушыларына қызмет көрсету және сату бөлімінің менеджері Ибрахим әл-Салам марапатталды. Сонымен бірге, «Дәуір» республикалық полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры Светлана Назарбаева Қазақстан азаматы, «GEMS Education» Білім беру қорының стипендианты Сайора Шотпақоваға бағалы сыйлықтар мен кітаптар табыс етті. «Abu Dhabi International BookFair-2016» көрмесіне әлемнің 70 елінен 1000-нан аса баспа қатысып, танымал жазушылармен, жаңа кітаптардың авторларымен, саясаткерлермен кездесулер өтті. Қазақ баспагерлерінің кітаптары көрмеге келушілер мен сала мамандары тарапынан жоғары бағаланды. Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкері АЛМАТЫ Суретте: Қазақстандық делегация көрме барысында