13 Мамыр, 2016

Қазақ тілі

396 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
05-05-2016 қазақ тіліОмбы мектептерінде енгізілді Көршілес жатқан Ресей елінің Омбы облысындағы мектептерде қазақ тілі пәні енгізілді. Алдымыздағы қыркүйек айынан бастап мұндағы кез келген оқушы қазақ тілінде оқи алады. Ана тіліміз тек мектептерде ғана емес, сонымен қатар, балабақшаларда да енгізілді. Осыған байланысты арнайы сыныптар ашылды. Осы орайда, жақында ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдығына орай, Сол­түстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі бас­қармасы Омбы қаласында Ф.М.Достоевский атындағы мем­лекеттік университетінде «Он­лайн режімі арқылы қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары» деген тақырыпта семинар өт­кізгенін айта кеткеніміз жөн. Жиын барысында тілдерді қол­дану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемле­кеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланып, қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, жаңа оқулықтар мен бағдарламалар таныстырылып, екі жүзден астам оқу құралы табыс етілді. Ресми мәліметтер бойынша, бұл өңірде 100 мыңнан астам қандасымыз тұрады екен, туу көрсеткіші бойынша көш бас­тап тұр. Сонымен қатар, тілі мен ділін, салт-дәстүрін қатар ұстанып, ата-баба жолынан айнымай келеді. Осындай жандардың бірі – Омбы қаласының тұрғыны Ләззат Шахуова.  Қаннан берілген қазақылық оны ұлттық өнерге қарай тарта беретін болса керек, қолы қалт етсе болды, нақышына кел­тіріп, ою-өрнектермен әр­лен­ген түрлі құрақ көрпелер, жас­тықтар, ұлттық киімдер тігуге құмар. – Бұл жақта туыстарым өте көп. Қазақтың той-думаны азай­ған ба! Тапсырыстар түсіп жатады. Жора-жолдастарым сұраса, өтініштерін орындаймын. Осы­ған қарағанда, соңғы кездері Ом­быдағы қазақтар салт-дәстүрге бет бұрған секілді, сонымен қатар, көбіне, іс-шаралардың ұлттық нақышқа сай өтіп жат­қанын бай­қаймын. Жеке тап­сырыс­тар алу өзімнің жеке хоббиім десем де болады», – дейді Ләззат Шахуова. Соңғы жылдары Ресей мен Қазақстан арасындағы тығыз байланыстың, ол жақта тұрып жатқан қандастарымызды ұлт­­тық өнер мен салт-дәстүр ерек­шеліктерінен сусындатып, ел­дік келбетіміздің тұтастығын сақ­тауына да қызмет етіп жат­қаны байқалады. Оның сыртында, Омбы қазақтарының арасында Қазақстанға көшіп келіп, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар да бар. Өздері осы жаққа келгенмен, көбінің туыстары сол ай­мақта әлі де тұрып жатыр. Туған топырағын кім ұмытсын, шека­раның арғы бетінде жатыр демесек, Омбы аймағы – ежелден қазақтың атамекені. Бұл азаматтар екі елді де өз Отаны санайды. Омбы жеріндегі қазақтар тілі мен мәдени құндылықтарын жо­ғалтып алмас үшін жасалып жатқан ілгерідегі жұмыстар екі мемлекет арасындағы әрі­ден ойластырылған саяси келі­сімдердің арқасында жүзеге асып отырғаны белгілі. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»