Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров пен Серік Сейдуманов қатысып, аталған жайттың жай-жапсары туралы айтып берді.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 99-қадамы осы мәселеге арналып, қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін заңмен бекіту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған орай «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген болатын. Н.Әбдіровтің айтуынша, ол заңда кеңес мүшелерінің жұмысына қажетті барлық жағдай қамтылған. Атап айтқанда, оларға мемлекеттік органдар мүшелерімен бірлесіп, ең өзекті мәселелерді қарастыруға мүмкіндік беріліп отыр.
«Қоғамдық кеңестер қызметінің ауқымы өте кең. Ең бастысы – түрлі мәселелерге қатысты қоғамның көзқарасын билік органдарына жеткізіп, екі тараптың өзара тиімді байланысын қамтамасыз ету. Өз кезегінде билік қоғамдық кеңестер қабылдаған әр шешімді қарауға міндетті болып табылады. Яғни, заңда көрсетілгендей, билік органдары көтерілген мәселеге қатысты сұраққа лайықты деңгейде жауап беріп, оны тиісті қоғамдық кеңестің атына жолдауы керек. Сондай-ақ, мұндай кеңестердің құзырына даму стратегиясын және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қарастыратын тиісті нормативтік актілерді талқылау жұмыстары жататынын атап өткен жөн. Сондықтан, қоғамдық кеңестердің құрылуы жергілікті мәслихаттардың жұмыстарына қолдау болары анық», – деді Мәжіліс депутаты.
Сонымен қатар, Н.Әбдіров қоғамдық кеңестің жұмыс мерзімі үш жылдан аспайтынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, көрсетілген уақыттан кейін жаңадан тағайындаулар жүргізіледі. Ал кеңестің құрамы жөнінде депутат: «Кеңес құрамының үштен екісі қоғам қайраткерлері мен жеке азаматтардан құралады. Ал қалған бір бөлігіне билік өкілдері енеді. Осы ретте, бір министрліктің жанынан құрылған қоғамдық кеңестің құрамына өзге ведомство өкілдері де мүше бола алатынын айтқым келеді», – деді.
Одан бөлек, жиында қоғамдық кеңестің мүшелігіне азаматтардың 18 жастан бастап қабылданатыны белгілі болды. Алғашында 25 жастан бастау мәселесі сөз болған екен. Алайда, аталған заңды әзірлеушілер әдейі бұл талапты жеңілдетіп, 18 жасқа дейін төмендеткен. Себебі, қазіргі таңда жастардың басым бөлігі әлеуметтік желілерді белсенді қолданып, сол жерлерде өзекті мәселелерді талқылайтыны белгілі. Н.Әбдіров алдағы уақытта сондай белсенді жастарды қоғамдық кеңестер алаңына шақырып, бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс жасады.
Сондай-ақ, Н.Әбдіров бүгінде өзектілердің қатарынан саналатын жер мәселесін талқылау барысында да қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуы ерекше рөл атқаратынын тіліне тиек етті. Өз кезегінде С.Сейдуманов аталған кеңестің жұмысы 99-қадамда көрсетілген стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын, бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын, бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейтуге және мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан»

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59