13 Мамыр, 2016

Судьяларды босату мәселесі қаралды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.Смо­лин­нің басшылығымен осы Ке­ңес­тің кезекті отырысы өткізілді. Оған заң­гер­лер ода­ғының, Судьялар одағы­ның, сон­дай-ақ Жо­ғарғы Соттың жанындағы Сот төре­лігі академиясының өкілдері қатысты. Отырыста сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері, оның ішінде жергілікті соттардың кейбір төрағалары мен судьяларын лауазымнан босату туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін жарияланған конкурстың қорытындылары айтылды. Отырыстың нәтижесі бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты