АТЫРАУ. 12 мамыр. Атырау облысындағы ең ірі теңіз кенішінде 3,9 баллдық жер асты қыртысының тербелгені тіркелген. Бұл туралы azh.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жер асты дүмпуі 8 мамырға қараған түнде білінген. «Геофизикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының жедел ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 8 мамырда Астана уақытымен 01 сағат 27 минутта (7 мамырда Гринвич бойынша 19 сағат 27 минутта) эпиорталығы теңіз кенішінің аумағында жер сілкінісі тіркелген. «Эпиорталық координаттары: 45.99 градус солтүстік ендікте, 53.97 градус шығыс бойлықта. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық сыныбы K=8.5», – делінген хабарламада.
Жергілікті табиғат жанашыры, академик Мұфтах Диаровтың, сонымен бірге, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметтеріне қарағанда, Атырау облысының аумағы, сондай-ақ, Каспий теңізінің акваториясы да Рихтер шкаласымен 6 баллға дейінгі магнитудалы жер сілкінісі болуы мүмкін жер қыртысы теліміне кіреді. Бұған Каспий теңізіндегі «Қашаған», «Қайран», «Ақтоты», «Королевское» және «Теңіз» тұзасты кеніштері де жер қыртысының тектоникалық белсенді телімдеріне орналасқанына назар аударылады.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек, фото: azh.kz.

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03