Жер дегеніміз – ата-бабамыздан келе жатқан қасиетті ұғым, қастерлі дүние. Қазақтың құты – төрт түлік малы, бар байлығы мен берекесі жерде. Сондықтан, байтақ даламыздағы ауыл шаруашылығына жарамды жерді дұрыс пайдалануды көздеген Жер кодексіне қатысты халықтың алаңдаушылығын түсінуге болады. Осы орайда Елбасының кодекстің резонанс тудырған бірқатар нормаларына келер жылға дейін тоқтау салуы дұрыс шешім. Зайырлы мемлекетте халықтың пікірі ескеріледі. Дегенмен, мораторий күшінде қала берсе, ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлердің игерілуі де төмен деңгейде қала беретіндігін ескертті. Сондықтан, Үкімет жанынан құрылатын Комиссияның барлық тиісті мекемелермен бірге елге қозғау салған заң нормаларын талқылауға кірісетіні қуантып отыр. Жерді мал өсіруге, егін салуға немесе басқа да қажетке тиімді пайдалану – бүгінгі басты міндет. Жер қашанда елді асыраған, елді сақтаған. Әлі де асырайды, сақтайды. Ал елде гектарлап алынып, ұзақ жылдан бері тусырап жатқан жерлер көп. Мұны көріп те, естіп те жүрміз. Мемлекетіміздің басты байлықтарының бірін халықтың игілігіне жарату керек. Бірақ, қалай жарату керек, осы мораторий маусымында егжей-тегжейлі қарастырылады деп сенемін.
Әлбетте, жерді барша жұрттың да пайдаланғысы келеді. Десе де тиімді пайдалануға жекелеген адамдардың қаржылық немесе техникалық мүмкіндігі жете бермейді. Сол себепті Үкімет соңғы жылдары ауыл шаруашылығына көп қолдау көрсете бастады. Айталық, жеке шаруашылықтарға қаржылай көмек, жаңа техниканы лизинг жүйесімен ұсыну сияқты жеңілдіктер бар. Осы арқылы егін егіп, мал, әмсе құс өсірсе де, жер қадірін білетін жанның қолына тисе құны да еселеніп шыға келмей ме! Бұл ретте жекелеген шаруашылықтарды ірілендірудің маңызы зор.
Қазір жергілікті теледидардағы, басылымдардағы жарнамаларды қарап отырсаңыз, қойшы мен бақташыға сұраныс үлкен екенін көресіз. Мал шаруашылығымен шұғылданатын адам азайып кетті. Жастар мал бағудан қашады. Жұмыссыз жастарды, білікті ауылшаруашылық мамандарын ауылға тартудың жобасын жасау керек. Осы бағытта ынталандыратын Үкімет қаулысы болса деп ойлаймын. Мәселен, ауыл шаруашылығына бет бұрушыларға келісімшарт негізінде баспана, төмен пайызбен несие берілсе, баласының оқу оқуына, өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасалса, зейнетақы жасына ерте шығуын қамтамасыз етсе деген сияқты кешенді бағдарлама қабылданса, ауылды да көркейтеді, жерді де игеруге септеседі. Оған Үкіметтің экономикалық мүмкіндігі бар. Бұл жастарды қызықтырады. Біздің табысымыздың негізі ауылда. Ет те, сүт те, май да ауылда. Сондықтан ауыл шаруашылығы жерлерінің дұрыс пайдаланылуына, құнарлылығын арттыруға заңдық тұрғыдан жол ашу, яғни жерді пайдаланушылардың жұмыс жүйесін реттеуіміз керек.
Жерді шетелдіктерге жалға беруге халықтың алаңдаушылығын түсінуге болады. Жерді жалға алғаннан кейін, оны дұрыс пайдалана ма, заң аясында көрсетілген шарттар орындала ма, зиянды химиялық қоспалармен жерді бүлдіріп, тып-типыл қылып кете ме деген қорқыныш бар. Сондықтан, бұл мәселелер заңнама аясында жан-жақты ойластырылуы, Үкімет мүшелерімен, заң шығарушы органмен, халықпен әбден келісіп, пісірілуі керек. Жерді жалға алсаңыз, дұрыс пайдаланасыз, құнарын төмендетпейсіз, өнімін көпшіліктің игілігіне қауіпсіз деңгейде жаратасыз деген талаптардың баршасы орындалуы керек. Сол себепті жер мәселесінде сақтықтың болуы, сауаттылықтың қажеттілігі заңдылық.
Балтабек ЕРСӘЛІМОВ,
«Абай» қорының президенті,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Семей қаласы және Абай ауданының құрметті азаматы
СЕМЕЙ

Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07