ОРАЛ. 12 мамыр. Алматы қаласында Энергетика министрлігіне қарасты ядролық физика институты жұмыс жасайды. Бұл институт 1957 жылы халқымыздың біртуар ұлы, академик Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Республика аумағында оның үш бөлімшесі бар болса, соның бірі Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында орналасқан. Бұл нысан ЛИРА деген атауға ие. Бұған дейін жергілікті тұрғындар бұл нысаннан радиациялық сәуле таратады, деп қауіптеніп келген еді. Екіншіден, олар кезінде аса қауіпті деп саналатын, әрі атқаратын қызметі көпшілікке түсініксіз нысанның қандай қажеттілігі бар деген ұсыныс-пікірлерін де қоса білдірген болатын. Көпшілікті толғандырып келген осындай сауалдарға Орал өңіріне сапары кезінде аталған ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев толыққанды жауап берді. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады.
Оның айтуынша, институттың басты мақсаты – радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және реакторлық зерттеулер жүргізуге бағытталған. «Сонымен қатар, институт жанында кешенді экологиялық зерттеулер орталығы жұмыс істейді. Бар болғаны осы ғана. Мұнда тұрған ешқандай құпия жоқ. Тіпті, «келемін, көремін» деген азаматтар үшін біздің институттың да, «Лира» нысанының да есігі қашанда ашық», – дейді ол.
Ядролық физика институты бас директорының сөзінен тағы бір ұққанымыз, биыл ЛИРА-ның құрылғанына 18 жыл толып отыр екен. Осы уақыт аралығында мұнда адам өміріне қауіп туғызатындай теріс экологиялық көріністер тіркелмепті. Институт басшысы алдағы уақытта да мұндай жағдай орын алмайтынына сенім арта алады.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Фото: inform.kz.
• 12 Мамыр, 2016
Ядролық физика институтының басшысы Орал қаласына келді

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37