Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24422 материал табылды

Спорт • Бүгін, 16:20

Волейболды жүрегімен сезінген спортшы

Волейбол – спорттық ойын ғана емес, ол тәртіп пен төзімділікті, бірлік пен сенімді, жеңіске деген жігер мен жауапкершілікті қалыптастыратын үлкен өмір мектебі. Осы қасиеттерді өз болмысына сіңіріп, волейболды өмірлік серігіне айналдырған жандар ғана бұл саланың шынайы жанашыры бола алады.

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспарын бекітті.

Медицина • Бүгін, 08:58

Медицина жүйесін цифрландыру жайы талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді.

Саясат • Кеше

АҚШ елшісі: Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырғаныма өте қуаныштымын

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырдым. Қазақстанда еңбек ету – мен үшін зор мәртебе. Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның қарым-қатынасы ерте қалыптасты. АҚШ – Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің бірі. Бүгінде серіктестігіміз барынша бекіді. Қазір екіжақты ықпалдастық өз тарихындағы ең жоғары деңгейде.

Мәселе • Кеше

«Сергекке» сенімсіздік неден туды?

Ел тұрғындарының өмірін қолайлы әрі қауіпсіз етуді көздейтін «Сергек» камералары жүйесі туралы қоғамда көзқарас әрқилы. «Құрылғы түсірген жеке деректер өзге елге беріледі», «Компания айыппұлдардан түскен қаражатқа қалтасын қампайтып отыр» деген сынды пікірлер әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр. Ресми дереккөздерде жарияланған ақпараттарға қарамастан, ел арасында «Сергекке» деген күмән әлі де сейілмей тұр.

Пікір • Кеше

Экожүйе қалыптастыруға жол ашады

Президенттің «Turkistan» газетінде жарияланған сұхбатында цифрландыруға ерекше екпін берілгені қуантты. 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғаны біраз нәрсені аңғартқандай.

Пікір • Кеше

Медициналық туризмнің маңызы зор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетінде жарияланған «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында ел дамуының негізгі басымдықтары қамтылды. Адам капиталының сапасын арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, әлеуметтік қамсыздандыруды күшейтуге ерекше мән берілген.

Пікір • Кеше

Әділеттілік және трансформациялық көшбасшылық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген ауқымды сұхбаты қоғамда үлкен серпіліс туғызды. Президенттің биыл дәл осы басылымды таңдауы біз үшін, яғни киелі шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы үшін айрықша мәнге ие. Түркістан мен Ясауи есімі – бүкіл түркі әлемінің рухани темірқазығы. Сондықтан бұл қадамды Президенттің түркі интеграциясына, ортақ тарих пен болашаққа деген ерекше құрметі деп түсінеміз.

Аймақтар • Кеше

Санитарлық бақылаудың берері мол

Ауруханаішілік инфекциялар (АІИ) – денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселе­лердің бірі. Инфекциялар пациенттердің ем алу мерзімін ұзартуға, асқыну­лардың дамуына, медициналық көмек сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осы орайда облыстардағы медициналық стационарларда АІИ-дің алдын алу мәселесі ерекше маңызға ие, санитарлық бақылау бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі.

Таным • Кеше

Көзбояусыз көріністер

Жаяу Мұса Туған ауылымның қара жолын қарыштап басып келе жатсам, қасыма қоңыздай дөңкиген шетел мәшинесі кеп тоқтай қалды. Есікті ашқан жас­өспірім жігіт:

Яндекс.Метрика